Баспасөз релиздері

Қазақстан мен Сауд Арабиясы инвестициялық өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады

Қазақстан мен Сауд Арабиясы инвестициялық өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады

Сауд Арабиясының ұлттық компанияларын ілгерілету жөніндегі мәселелердің кең спектрі Сауд Арабиясының инвестициялар министрлігі, ҚР СІМ Инвестициялар комитеті және «KAZAKH INVEST «ҰК» АҚ жанындағы ұлттық компанияларды ілгерілету бағдарламасы (NCPP) арасындағы онлайн-кездесу аясында талқыланды.

Қазақ тарапынан Қазақстанның Сауд Арабиясындағы Елшісі Берік Арын, ҚР СІМ Инвестициялар комитеті төрағасының м.а. Ардақ Зебешев және «Kazakh Invest» төрағасы Мейржан Юсупов қатысты. Сауд Арабиясының делегациясына NCPP төрағасы Бадр Аль-Бадр басшылық етті.

Кездесу барысында ҚР экономикасының түрлі бағыттарын дамыту бойынша Үкімет қабылдайтын шаралар туралы мәселелер қаралды. Сонымен қатар, ҚР түрлі салаларында инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша бірқатар мәселелер, сондай-ақ экономикалық өзара қарым-қатынастарды дамыту үшін тараптардың әлеуетті мүмкіндіктері талқыланды.

Сонымен қатар, Сауд Арабиясының делегаттарына шетелдік инвесторлар үшін Қазақстанда жеңіл және ашық бизнес жүргізу, оның ішінде визалық режимді ырықтандыру, инвесторлардың құқықтарын қорғау, әкімшілік кедергілерді жою және т. б. салалардағы мәселелер туралы ақпарат берілді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екі елдің іскер топтарының қатысуымен бірқатар таныстыру кездесулерін өткізу, сондай-ақ екі елдің компаниялары арасында тікелей байланыстар орнатуға ықпал ету туралы уағдаластыққа қол жеткізді.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге