Баспасөз релиздері

Қазақстан мен ЭЫДҰ пандемия кезінде инвестицияларды ынталандыру мәселелерін талқылады

Қазақстан мен ЭЫДҰ пандемия кезінде инвестицияларды ынталандыру мәселелерін талқылады

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ қолдауымен «Қазақстанға инвестицияларды тарту және ынталандыру: ұлттық стратегия және өңірлік ынтымақтастықтың мүмкіндіктері» тақырыбында вебинар ұйымдастырды.

Онлайн іс-шараны Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаров ашты:

«Бүгінде Қазақстанның ЭЫДҰ-мен ынтымақтастығы түрлі бағыттар бойынша жүргізілуде. Біз ынтымақтастығымызды жоғары бағалаймыз және бірлесе отырып іске асырған жобаларымыз оң нәтиже береді деген үміттеміз. Қазіргі уақытта біз ТШИ мен ШОБ-тың бәсекеге қабілеттілігі мен әртараптандырылуына кедергі келтіретін саясаттарды реформалау бойынша нақты іс-қимыл жоспарларын әзірлеуге бағытталған "Әртараптандыруды ынталандыру және тікелей шетелдік инвестициялар мен шағын және орта бизнес арасындағы байланыстарды жолға қою" атты бірлескен жобамызды қорытындылаудамыз, - деп атап өтті Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаров


Вебинарға сондай-ақ ҚР СІМ Инвестициялар комитеті шетелдік инвестицияларды тарту басқармасының басшысы Ерлан Зейнешев, «KAZAKH INVEST» инвестицияларды тарту блогының Басқарушы директоры Жандос Темірғали, «AZPROMO» Президентінің кеңесшісі Фуад Панахов, ЭЫДҰ-ның Еуразия елдерімен жұмыс жөніндегі бөлімшесі тобының жетекшісі Пелин Атамер, AIFC Инвестициялар жөніндегі директоры Джеймс Мартин, Венгрияның инвестицияларды тарту жөніндегі агенттігінің бас директоры Роберт Ешик, Түркия Республикасы Президенті жанындағы Инвестициялық басқарманың стратегиялық және Корпоративтік жоспарлау жөніндегі менеджері Самет Акыюз, Өзбекстан Республикасы Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігінің Инвестициялық ахуалды жетілдіру басқармасының бастығы Алексей Сим және т. б қатысты.

Іс-шара шеңберінде қатысушылар өндірісті, экспортты және халықты жұмыспен қамтуды әртараптандыруды күшейту бойынша Қазақстанға қолдау көрсету мәселелерін талқылады.

Вебинар барысында ЭЫДҰ-ның Еуразия елдерімен жұмыс жөніндегі бөлімше тобының жетекшісі Пелин Атамер Қазақстан АПИ-нің жұмысына шолу жасау нәтижелері көрстілген презентацияны көрсетті. Сондай-ақ, өңірге тартылатын инвестициялар көлемін арттыру үшін инвестициялар тарту жөніндегі агенттіктер арасындағы өңірлік ынтымақтастық мүмкіндіктері талқыланды.


Сонымен қатар, өз сөзінде «KAZAKH INVEST» инвестицияларды тарту блогының Басқарушы директоры Жандос Темірғали ҚР жаңа экономикалық моделін қалыптастыру үшін инвестицияларды тартудың маңызды рөлін атап өтті.

«Біз ТШИ көлемін және экономикадағы негізгі капиталды едәуір арттыруды көздейміз. Осылайша, біз бүкіл әлемдегі бәсекеге қабілетті капиталдың кейбір бағыттарына сәйкес келетін жаңа шараларды енгіздік. Қазақстанның инвесторларды тарту және инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі батыл бастамаларының бірі 2021 жылғы қаңтардағы - стратегиялық инвестициялық келісімді енгізуі болып табылады. Енді стратегиялық инвесторлардың Үкіметпен тікелей инвестициялық келісім жасасуға мүмкіндігі бар. Бұл келісім инвестициялық преференциялардың түрлерін, оларды беру шарттары мен тәртібін айқындайды»,- деп толықтырды Жандос Темірғали.


Сондай-ақ, диалог шеңберінде Венгрияның инвестициялар тарту жөніндегі агенттігі мен Түркияның инвестициялық басқармасының өкілдері ТШИ үшін пандемияның ағымдағы салдарын ретке келтіру бойынша өз тәжірибелерімен және қорытындыларымен бөлісті.

Онлайн кездесудің қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастық перспективалары және пандемия кезеңінде шетелдік инвестицияларды тартудың жаңа мүмкіндіктері туралы пікір алмасты.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге