Баспасөз релиздері

Қазақстан мен Корея АӨК, ЖЭК, IT салаларындағы инвестициялық ынтымақтастықты нығайтуда

Қазақстан мен Корея АӨК, ЖЭК, IT салаларындағы инвестициялық ынтымақтастықты нығайтуда

Ауыл шаруашылығы, ЖЭК, IT сияқты салалардағы инвестициялық ынтымақтастықтың басым секторлары «KAZAKH INVEST «ҰК» АҚ Корей сауда және инвестициялар агенттігімен (KOTRA) әріптестікте ұйымдастырған онлайн вебинар барысында талқыланды.   Онлайн вебинар жұмысына KAZAKH INVEST Ұлттық компаниясының басшысы Мейіржан Юсупов, ҚР Кореядағы елшісі Бақыт Дүйсенбаев, ҚР ЦДИАӨМ электрондық өнеркәсіпті дамыту департаментінің директоры Жәнібек Мұхамеджанов Жәнібек Мұхамеджанов, сондай-ақ, KOTRA компаниясы мен іскер топтардың өкілдері қатысты.

Қазақстанның инвестициялық ахуалының жай-күйі және Қазақстан-Корей экономикалық ынтымақтастығының перспективалары туралы ақпаратпен корей бизнес-қоғамдастығының алдында Мейіржан Юсупов егжей-тегжейлі айтып берді. Бизнесті жүргізу және елдегі өндірісті оқшаулау орны ретінде Қазақстанның тартымдылығына ерекше назар аударылды.

11.png

«1996 жылдан бастап оңтүстік кореялық бизнес Қазақстан экономикасына шамамен 7 миллиард АҚШ долларын құрайтын инвестиция салды. 2020 жылы Оңтүстік Кореядан Қазақстанға ТШИ ағыны шамамен 465 миллион АҚШ долларын құрады. Қазіргі уақытта Оңтүстік Кореялық компаниялармен жалпы құны 2,5 миллиард АҚШ доллары болатын 20 инвестициялық жоба іске асырылуда. . Корей компанияларының қатысуымен жалпы сомасы 1,7 миллиард болатын алты инвестициялық жоба даму сатысында, ал жалпы құны шамамен бір миллиард болатын 24 жоба зерттеу сатысында. Сондықтан біз Қазақстандағы барлық әлеуетті кореялық инвесторларға әрқашан барлық қажетті қолдауды көрсетуге дайынбыз» , - деп атап өтті Мейіржан Юсупов.

22.png

Сонымен қатар, вебинар барысында «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ жобалық менеджері Мәди Қанафин ауыл шаруашылығы секторындағы бизнес пен тамақ өнімдерін өндіру мүмкіндіктері, осы сектордың инвестициялық тартымдылығының негізгі факторлары туралы баяндама жасады. Сондай-ақ, ол қатысушыларды жобаның бірінші онжылдығы ішінде жер, корпоративтік табыс салығынан және мүлік салығынан босату сияқты түрлі салалық жеңілдіктер мен преференцияларды қамтитын бизнес ахуалды жақсарту және шетелдік инвесторлар үшін қолайлы жағдайлар жасау бойынша ҚР Үкіметі қабылдап жатқан шаралармен таныстырды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара іс-қимылды одан әрі нығайту, екіжақты тиімді сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты тереңдету қажеттігі туралы уағдаласты.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге