Баспасөз релиздері

Қазақстан мен Қытай ғылым мен медицина саласындағы инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуде

Қазақстан мен Қытай ғылым мен медицина саласындағы инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуде

«KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ алаңында ҚР Президентінің ғылым және инновациялар мәселелері жөніндегі кеңесшісі Күнсұлу Закарияның, ҚР СІМ Инвестициялар комитетінің төрағасы Ғабидолла Оспанқұловтың және қытайлық BGI Group компаниясының басшылығының қатысуымен кездесулер өтті. Тараптар компанияның Қазақстандағы жобаларын іске асыру барысын, оның ішінде Forebright Life Science Technology Fund инвестициялық қорын құруды талқылады, оның шеңберінде «Qazaqstan Investment Corporation» АҚ және BGI Group өмір туралы ғылым (life science) саласындағы жобаларды қаржыландыратын болады.

BGI Group-тірі организмдердің геномын зерттеу саласындағы әлемдік көшбасшылардың бірі (бұрын Пекин геномика институты). Компанияның 30-дан астам елде 100-ден астам бірлескен зертханалары, медициналық орталықтары мен өндірістері бар, олардың жалпы саны 10 мыңнан асады.

2023 жылы BGI Group ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы Ұлттық биотехнология орталығының базасында «Astana Genetic Center» инновациялық генетикалық зертханасын ашты. Зертхана репродуктивті денсаулыққа, тұқым қуалайтын ауруларды диагностикалауға және онкология саласындағы мониторингке байланысты молекулалық-генетикалық сынақтардың кең спектрін жүргізуге маманданған.

WhatsApp Image 2024-03-14 at 22.24.40.jpeg

Құрылатын қор ҚР аумағында мультиомикалық технологиялар және синтетикалық биология саласындағы инновациялық жобаларды қаржыландыруға бағытталатын болады. Денсаулық сақтау саласына, оның ішінде репродуктивті технологияларды әзірлеуге, туа біткен ақаулардың алдын алу үшін пренатальды зерттеулер жүргізуге, сондай-ақ жаңа туған нәрестелерді кешенді тексеруге ерекше назар аударылатын болады.

Кездесу барысында К. Закария екіжақты ынтымақтастықты тереңдету және екі елдің ғылыми қоғамдастықтары арасында әріптестік қатынастарды жолға қою жөніндегі жұмысты күшейту мәселелерін айтты. Өз кезегінде Ғ. Оспанқұлов инвестициялық әлеуетті іске асыру арқылы ғылыми-техникалық салада және денсаулық сақтауда ынтымақтастықты дамытудың маңыздылығын атап өтті.

Келіссөздер қорытындысы бойынша BGI Group өкілдері ҚР СІМ Инвестициялар комитетіне, сондай-ақ KAZAKH INVEST компаниясына инвестициялық жобаларды іске асыруға көрсеткен қолдауы үшін алғыс білдірді.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге