Баспасөз релиздері

Қазақстан мен Иран экономикалық байланыстарды нығайтуда

Қазақстан мен Иран экономикалық байланыстарды нығайтуда

Қазақстан мен Иран арасындағы экономикалық байланыстарды нығайту және сауда және инвестициялық мүмкіндіктерді кеңейту аясында Қазақстан-Иран бизнес форумы өтті. «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ қолдауымен ҚР МТИ, «QazTrade» АҚ ұйымдастырған шараға 100-ден астам қатысушы жиналды.

Бизнес-форум Қазақстан мен Иран арасындағы ынтымақтастықтың жаңа перспективалық бағыттарын талқылау және іздеу алаңына айналды. Форумға жоғары лауазымды мемлекеттік қызметкерлер, сондай-ақ екі елдің іскер топтарының өкілдері қатысты.

Форумда энергетика, көлік, ауыл шаруашылығы, туризм, химия өнеркәсібі және т.б. салалардағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Форумға қатысушылар тәжірибе алмасып, инвестициялық мүмкіндіктерді таныстырып, өзара тиімді ынтымақтастықты дамытудың жаңа жолдарын талқылады.

DSC_0887.jpg

Іс-шараны құттықтау сөзімен Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев пен Иранның Ауыл шаруашылығы министрінің сауда және нарықты реттеу жөніндегі орынбасары Алиреза Пейманпак ашты. Спикерлер Қазақстан мен Иран арасындағы экономикалық ынтымақтастықты дамытудың маңыздылығын және «Солтүстік-Оңтүстік» дәлізінің ыңғайлы көлік-логистикалық мүмкіндіктерін ескере отырып, сауданы кеңейту мен өзара инвестиция тартудың жоғары әлеуетін атап өтті. Бұл жол Үндістанды, Иранды, Парсы шығанағы елдерін Кавказ және Қазақстан елдері арқылы Еуропа елдерімен байланыстырады.

DSC_0958.jpg

Өз кезегінде, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Инвестициялар комитетінің төрағасы Ардақ Зебешев Қазақстан Үкіметінің ирандық кәсіпкерлер мен инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасауға, сондай-ақ өзара ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған бастамаларды қолдауға дайын екенін атап өтті.

«Ирандық компаниялардың Қазақстанда «Empire Food» ЖШС ет комбинатының және «Kaz-Ir Agro» ЖШС майлы дақылдарды өңдеу зауытының құрылысы сияқты жобаларды жүзеге асыруға қатысуы елдеріміз арасындағы табысты ынтымақтастықты көрсетеді. 2022 жылы Ираннан Қазақстанға құйылған тікелей инвестицияның жалпы көлемі 32,4 миллион долларды құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 23,7 пайызға артық. Қарым-қатынастарды одан әрі дамытудың зор әлеуетін ескере отырып, біз ирандық кәсіпкерлерді Қазақстан аумағында экономикамыздың негізгі салаларында бірлескен жобаларды ұйымдастыруға шақырамыз», - деді Комитет төрағасы.

DSC_0939+.jpg

Иран Ислам Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Джоукар Али Акбар Мемлекет басшысының 2022 жылғы Иранға және Премьер-министрдің 2023 жылғы сапарлары екіжақты қарым-қатынастардың дамуына айтарлықтай серпін бергенін айтты. Оның айтуынша, елдер арасында визасыз режимнің енгізілуі екі елдің экономикалық байланыстары мен туристік әлеуетін кеңейтуге мүмкіндіктер ашады.

Сондай-ақ форумға Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүреков, Иранның Мемлекеттік сауда компаниясының вице-министрі және директорлар кеңесінің төрағасы Рад Саида, Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Динара Щеглова және т.б. қатысты.

DSC_0945+.jpg

Бизнес-форум соңында екі елдің іскер топ өкілдері арасында екіжақты кездесулер өтіп, ынтымақтастықтың нақты мүмкіндіктері талқыланды.

DSC_0896.jpg

Қазақстан мен Иран өзара мүдделерге қол жеткізу және экономикалық байланыстарды дамыту мақсатында түрлі деңгейдегі диалог пен ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екендіктерін білдірді. Екі тарап іскер топтар мен инвесторларды Қазақстан мен Иран ынтымақтастығы аясында берілген мүмкіндіктерді белсенді пайдалануға шақырып, мұндай әріптестіктің өзара тиімді әрі ұзақ мерзімді сипатына сенім білдірді.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге