Баспасөз релиздері

Қазақстан мен Иран инвестициялық қарым-қатынастарды кеңейту мүмкіндіктерін талқылады

Қазақстан мен Иран инвестициялық қарым-қатынастарды кеңейту мүмкіндіктерін талқылады

Тегеран және Амоль қалаларында, «ҰК KAZAKH INVEST» АҚ және Қазақстан Республикасының Иран Ислам Республикасындағы Елшілігінің өкілдері ирандық ірі компаниялармен бірқатар келіссөздер жүргізді.

Амолға сапары барысында «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ-ның Парсы шығанағы елдеріндегі шетелдік өкілі Құрманғали Аманқосов «Kalleh Dairy» сүт зауытының басшылығымен кездесіп, кәсіпорынның мүмкіндіктерімен танысты. Ирандық кәсіпорын күніне 2500 тоннадан астам сүт өңдейтін Таяу Шығыстағы ірі сүт зауыттарының бірі болып табылады. Кәсіпорын тәулігіне 2700 тоннадан астам сүт өнімдерін шығарады.

Сондай-ақ Тегеранға сапар барысында Soloco Group, Iran Tractor Manufacturing Company, Middle East Mines and Minerals Industries Development Holding Company, MEMSECO, National Development Fund of Iran сияқты компаниялардың басшылығымен бірқатар кездесулер өткізіліп, ауыл шаруашылығы, машина жасау, ТМК, IT және энергетика салаларындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктері талқыланды.

photo1690350432 (4).jpeg

Осылайша, «Ирандағы заманауи индустрияның атасы» - «Solico Group» президенті Ғолам-Әли Сүлеймани қазіргі уақытта оның компаниясы Алматы облысында сүтті терең өңдейтін зауыт салу мүмкіндігін қарастырып жатқанын атап өтті. Оның компаниясы Қазақстанда ірімшіктердің, йогурттардың, сарысуды сусындардың, балмұздақтардың және спорттық қоспалардың (Whey protein) әртүрлі түрлерін шығаруды жоспарлап отыр. Айта кету керек, Solico Group аймақтағы ең ірі азық-түлік компанияларының бірі. Ол әлемнің 25-тен астам елінде азық-түлік өнімдерін өндіреді және сатады.

photo1690350432(1).jpeg

Құрманғали Аманқосов «Iran Tractor Manufacturing» маркетинг тобының жетекшісі Әмір Ахмад Андабилмен кездесуде Қазақстан Республикасының инвестициялық әлеуетін таныстырып, инвесторларға мемлекеттік қолдау шаралары туралы айтты. Өз кезегінде Әмір Ахмад Андабил ирандық тарап Қазақстан Республикасының аумағында ауыл шаруашылығына қажетті құрал-жабдықтардың ауқымды өндірісін құруға мүдделі екенін айтты. Жобаны жүзеге асыру алаңы ретінде Қазақстанның бірқатар аймақтары (Маңғыстау және Солтүстік Қазақстан облысы) қарастырылуда.

Сонымен қатар, «Iranian Babak Copper CO» компаниясының басшысы Алиреза Сабермен кездесуде тау-кен және металлургия саласындағы инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктері қарастырылды. Серіктестік басшысы LME класының А катодты мысты шығаратын зауыт салуға қызығушылық танытқанын айтты. Жақын арада Иран тарапы жобаны егжей-тегжейлі зерделеу үшін Қазақстанға баруды жоспарлап отыр.

photo1690350432 (1).png

«KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ шетелдік өкілі Құрманғали Аманқосов Қазақстан Республикасының Иран Ислам Республикасындағы Елшісі Асхат Оразбаймен бірге «National Development Fund of Islamic Republic of Iran» қорының басқарма төрағасы Мехди Газанфаримен кездесті. Келіссөздер барысында Қазақстан Республикасының ірі қаржы институттары мен Иранның Ұлттық даму қоры арасында ынтымақтастық орнату мүмкіндіктері талқыланды.

Сондай-ақ ирандық қор Қазақстанда ауыл шаруашылығы, тау-кен өнеркәсібі, энергетика және ақпараттық технологиялар сияқты салалардағы инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға қызығушылық танытты.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге