Баспасөз релиздері

Қазақстан мен Үндістан екіжақты инвестициялық ынтымақтастықты арттыруда

Қазақстан мен Үндістан екіжақты инвестициялық ынтымақтастықты арттыруда

Үндістандағы Гандхинагар қаласында «Индустрия 4.0 – өнеркәсіптік революция, технологиялар мен инновациялар: инклюзивті өсуді ынталандыру және тұрақты дамуға көшу» тақырыбында «Динамикалық Гуджарат» 12-ші Жаһандық саммиті өтті. Саммит аясында «Қазақстан – Үндістан: қалыптасып келе жатқан байланыстар» семинары өтті. Онда ҚР және Үндістанның мемлекеттік және жеке секторларының өкілдері, атап айтқанда Үндістанның туризм министрі Мулубай Хардасбай Бера, ҚР сауда және интеграция Вице-министрі Қайрат Төребаев және АҚ «ҰК «KAZAKH INVEST» өкілі Диана Әблякимова сөз сөйледі.

pic3.JPG

«KAZAKH INVEST» өкілі екіжақты қарым-қатынастарды дамытудың өсіп келе жатқан әлеуетін және бірлескен жобаларды іске асыру үшін өзара инвестицияларды ұлғайту қажеттілігін атап өтті. Ол сондай-ақ үндістандық серіктестерге Қазақстанның инвестициялық саласындағы қолайлы өзгерістер туралы айтып берді.

«Үкіметтің экономиканы әртараптандыру жөніндегі күш – жігерінің арқасында АӨК, ТМК, мұнай химиясы, Денсаулық сақтау, көлік, логистика, туризм және машина жасау салаларына инвестициялар үшін кең мүмкіндіктер ашылуда», - өтті Д.Әблякимова.

pic4.JPG

«Қазақстан  Үндістанның  Орталық  Азия  елдері  арасындағы  негізгі  сауда  серіктесі  болып  табылады  және  қосымша 148,1 млн  долларға  тауар  айналымын  арттыруға  дайын. Энергетика саласында айтарлықтай табиғи ресурстарға ие бола отырып, біздің еліміз Үндістан үшін мұнай, газ және басқа да энергия ресурстарын жеткізуде сенімді серіктес болып табылады. Өз кезегінде Үндістанның сыйымды нарығы қазақстандық тауарлар мен қызметтерді экспорттаушылар үшін қызықты», – атап өтті Қ.Төребаев.

Өз кезегінде Мулубай ХардасбаЙ Бера саудада, туризмде және инвестицияларда екіжақты ынтымақтастықты дамытуға жоғары қызығушылық туралы айтты.

pic5.JPG

Қазақстан мен Үндістан «Солтүстік – Оңтүстік» көлік дәлізі және БҰҰ, ШЫҰ, СМДА сияқты ірі ұйымдар және «Орталық Азия – Үндістан» диалогы аясындағы ынтымақтастықты қолдайды. Өз кезегінде Қазақстан Үндістанның Орталық Азиядағы негізгі сауда серіктесі болып табылады. 2022 жылы екі елдің өзара тауар айналымы 2,5 млрд долларға жетті. Үндістан импортының негізгі тауарлары-дәрі-дәрмектер, ұшу аппараттары, топырақты сұрыптауға және ұнтақтауға арналған жабдықтар, телефон аппараттары және шай.

Бүгінде Қазақстанда үнді капиталының қатысуымен 400-ге жуық заңды тұлға тіркелген. Соңғы 25 жылда Үндістаннан Қазақстанға тікелей шетелдік инвестициялар ағыны 400 млн доллардан асты. 2022 жылдан бастап Үндістан азаматтары үшін визасыз 14 күндік режим ашылды.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге