Баспасөз релиздері

Қазақстан мен Германия ҚГІК алаңында инвестициялық және іскерлік қатынастарды нығайтуға ниетті

Қазақстан мен Германия ҚГІК алаңында инвестициялық және іскерлік қатынастарды нығайтуға ниетті

2018 жылы 7 желтоқсанда Берлинде Қазақстан Республикасының «Атамекен» ҰКП Президиумының Төрағасы Тимур Құлыбаев пен «DeutscheBank»-тің Орталық және Шығыс Еуропа бойынша Аға кеңесшісі Питер Тильстің тең төрағалығымен стратегиялық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Герман Іскерлік Кеңесінің (ҚГІК) 11-отырысы өтті.

ҚГІК жұмысына ҚР инвестициялар мен даму Министрлігі, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, Жасыл технологиялар мен инвестициялық жобалар Халықаралық орталығы, «Бәйтерек» Ұлттық басқару холдингі, «ҚазақИнвест» ҰК, «Астана» Халықаралық қаржы орталығы, ГФР өнеркәсібінің Федералды одағы, ГФР Сауда-өнеркәсіп палатасы, герман экономикасының Шығыс комитеті, неміс энергетикалық агенттігі, «Сименс Орталық Азия» және т.б. сияқты екі елдің 100-ге жуық экономикалық құрылымдарының басшылары мен бейіндік мамандары, бірлестіктер мен компаниялар қатысты.

Іс-шараның ашылуында ҚГІК Қазақстан тарапының тең төрағасы Т. Құлыбаев соңғы төрт жылда Қазақстан мен Германия сомасы 2 млрд еуродан астам 20 келісімшартқа қол қойғандығын атап айтты.Бұл тұрғыда ол мемлекет Басшысының экономиканы диверсификациялау мен кәсіпкерлік қызмет саласындағы қазақстандық заңнаманы жетілдіру жөніндегі міндеттері аясында барлық жоспарланған жобалардың сәтті жүзеге асырылатындығына сенімділік білдірді.

Сонымен қатар «Атамекен» ҰКП Германия инвестициясының 90%-дан астамын еліміздің шикізаттық емес экономика секторына құйып отырған Қазақстанның Еуропадағы маңызды стратегиялық серіктесі екендігін атап өтті.

Өз сөзінде ол сондай-ақ «Атамекеннің»шетелдік кәсіпорындарға жасап жатқан жағдайына ҚГІК қатысушыларының назар аударды. «Олар бізге мемлекеттің бақылау қызметін басқару бойынша қандай сұрақтар бар екендігін тікелей айтады. Біздің инвесторлардың айтуынша, Қазақстанда заңнаманы жетілдіру мен барынша қолайлы жұмыс жағдайын жасау жөнінде белсенді процесс жүргізілуде», - деді Т. Құлыбаев.

Сонымен қатар Ұлттық палата басшысы Қазақстанда қосарлы білім беру жүйесін енгізу үшін GIZ-бен (халықаралық ынтымақтастық жөніндегі герман қоғамы) ынтымақтасудың маңыздылығын атап өтті.

ҚГІК-тің неміс тарапының тең төрағасы П. Тильс Брюссельдің келесі жылы қабылдануы жоспарланған Еуропалық Одақтың Орталық Азияға арналған жаңа Стратегиясы Қазақстан мен Германия сияқты ЕО-ның басты елдері арасындағы қалыптасқан қарым-қатынастың жоғары деңгейін бейнелейтін қоғамдасудың жаңа драйвері болуы тиіс екендігіне мән берді.

«Deutsche Bank» ірі неміс компаниясының Аға кеңесшісі ҚГІК Қазақстан экономикасына неміс инвестициясын тартудың тиімді механизмі екендігін айта отырып, неміс және қазақстандық компанияларды бірлескен өзара тиімді жобаларды жүзеге асыруда тығыз ынтымақтастық орнатуға шақырды.

Өз кезінде ҚР-дың ГФР-дағы Елшісі Болат Нүсіпов «экономикалық дипломатияның» мемлекет Басшысы қойған мақсаттары мен міндеттеріне жиналған неміс және қазақстандық іскерлік қауымдастық өкілдерінің назарын аударды. Оларды жүзеге асыру барысында еліміз халықаралық сауда серіктестерімен, соның ішінде ГФР-мен белсенді түрде ынтымақтастықты дамытуда.

Жалпы қазақстандық дипломат Берлин мен Астананың түрлі қызмет саласында соның ішінде жасыл экономика, экономикалық цифрландыру, ауыл шаруашылық өндірісі және т.б. стратегиялық мүдделерге қатысты түйісетіндігін және неміс тарапының өзінің жылдар бойғы тәжірибесімен бөлісетіндігін атап айтты. Осыған байланысты Германияның Орталық Азия мемлекеттерімен тауар айналымы көлемінің 90 %-ға жуығы тек біздің елге тиесілі екендігі, өткен жылы Қазақстан мен Германия арасындағы өзара сауда көлемі 31%-ға артып, бес миллиард еуродан асса, биылғы жылдың алты айында тауар айналымының көлемі қосымша 23%-ға артқандығы айтылды.

Сонымен қатар Б. Нүсіпов қазақстандықтардың бүгінгі күннің шынайы көрінісіне бейімделу арқылы Қазақстанның экономикалық дамуының жалпы стратегиясын үйлесімді толықтыратын қоғамдық сананы жаңғыртуға арналған «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жүзеге асу барысы туралы ақпарат берді. Ол сондай-ақ ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласының негізгі пікірлеріне ҚГІК қатысушыларының назарын аударды. Мақалада цифрландыру жағдайында Қазақстанның әлеуметтік, экономикалық және саяси жетістіктерін көпшілікке дәріптеу үшін еліміздің ғасырлар бойғы тарихи мұрасын жандандыру мен мұрағаттық, археологиялық және басқа да мәліметтерді қолдану бойынша ауқымды жобаларды жүзеге асыру ұсынылады.

ҚГІК отырысы барысында 2017 жылы Астанада өткен сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Герман үкіметаралық тобының 11-отырысының қорытындысы бойынша бекітілген басым жобаларға баса мән берілді. Олардың қатарына 1200 жаңа жұмыс орнымен қамтамасыз еткен ҚР-дағы «Мэтро Кэш энд Кэрри» дүкендер желісі, Қарағанды облысындағы электр энергиясын өңдеу бойынша күн құрылғыларының құрылысы, неміс инвестициясы мен ноу-хауы арқылы туристік секторды дамыту жатады. Аталған жобалардың жүзеге асырылу барысы туралы «Атамекен» ҰКП Президиумы Төрағасы Хатшылығының Басшысы Ләззат Рамазанова баяндама ұсынды.

Ары қарай «Kazakh Invest»ҰК» АҚ Басқарма Төрағасының Орынбасары Бірімжан Марат герман капиталының қатысуымен Қазақстанда 900-ден астам бірлескен кәсіпорындар қызмет етіп жатқандығын айтты. Неміс компаниялары жұмыс істейтін негізгі салаларға құрылыс, сауда, өнеркәсіптік өндіріс, кен шығару жатады. Бүгінде сомасы 5 млн АҚШ доллары болатын елуден астам қазақстан-герман инвестициялық жобаларын жүзеге асыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

М. Бірімжан ҚР-да бизнес жүргізу мүмкіндіктері,заңнамалық қолдау, «Қазақстан-2050» даму Стратегиясы мәнмәтінінде шетелдік инвестиция тартуға арналған бәсекелестік артықшылықтары, сондай-ақ мемлекет Басшысының қазан айындағы Қазақстан халқына Жолдауы туралы толығырақ айтып берді. Қазақстанның “Doing Business” Дүниежүзілік банкі рейтингісінде 28-орын алғандығына және «Белдеу және Жол» қытайлық бастаманы жүзеге асырудағы еліміздің маңызды рөліне неміс тарапының назары аударылды.

ҚГІК барысында бірқатар жетекші қазақстандық және неміс кәсіпорындары мен ұйымдар өкілдерінің қалдықтарды қайта өңдеу, техникалық және кәсіптік білімді дамыту, энергетикалық тиімділік және балалар тағамын шығару салаларындағы түрлі жобалардың жүзеге асырылу барысы туралы таныстырылымдары болды.

Іскерлік кеңес аясында «Kazakh Invest»ҰК», «НефтеСтрой Сервис Лтд» ЖШС, «Атамекен» ҚР ҰКП, тұрғын үй саласындағы «Шаңырақ» субъектілерді қызмет және энергетикалық қызметті басқару Қауымдастығы бір тараптан және IWO тұрғын үй-коммуналды шаруашылығының Неміс бірлестігі, VIETZ GmbH, Sinalco AG, WABIO, Reserve Logistics Group и ME-LE Biogas GmbH неміс контрсеріктестері екінші тараптан бірқатар екіжақты экономикалық келісімдерге қол қойды.

Атап айтқанда, технология трансферті, машина жасау, ауыл шарушылығын қайта өңдеу мен тамақ өнеркәсібі, агрохимия, энергетика және ЖЭК дамыту, қалдықтарды қайта өңдеу және т.б. салаларда келісімдерге қол жеткізілді.

Отырыс соңында тараптар ҚГІК-нің келесі 12-отырысын Қазақстанда өткізуге келісті.

Жалпы іс-шара екі елдің жетекші іскер топ өкілдері арасында шынайы қызығушылық тудырды. Отырыс барысында тараптардың Қазақстан-Герман экономикалық ынтымақтастығын қарқынды түрде одан ары жалғастыруға өзара дайын екендіктері қайта расталды. 

Іскерлік Кеңес – ҚР мен ГФР ұйымдары мен бірлестіктері арасындағы іскерлік байланысты дамыту бойынша үйлестіруші және кеңес беруші орган. Оның міндеттеріне сауда және инвестиция саласындағы Қазақстан мен Германия компаниялары арасындағы ынтымақтастықты нығайту мен кеңейту, екі ел компаниялары мен іскер топ бірлестіктері арасындағы тікелей іскерлік байланыс пен тікелей ақпарат алмасуды ынталандыру жатады. 

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге