Баспасөз релиздері

Қазақстан мен АҚШ арасындағы тау-кен саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту

Қазақстан мен АҚШ арасындағы тау-кен саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту

«KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ-ның АҚШ-тағы шетелдік өкілі Марат Бірімжан Қазақстан Республикасының индустрия және құрылыс Министрі Қанат Шарлапаевтың Нью-Йоркке сапары барысында екіжақты ынтымақтастықты нығайту және Қазақстанның тау-кен секторындағы инвестициялық мүмкіндіктерді ілгерілету мақсатында АҚШ-тың тау-кен өнеркәсібінің негізгі өкілдерімен бірқатар кездесулер ұйымдастырды.

Қ. Шарлапаев тау-кен және табиғи ресурстар секторларына маманданған және барлау жұмыстарынан бастап құрылыс кезеңдеріне дейінгі жобаларды қаржыландыратын «Cove Capital» инвестициялық компаниясының Басқарушы Серіктесі Пини Алтхауспен одан әрі ынтымақтастық перспективаларын талқылады.

Министр сонымен қатар «Resource Capital Funds» (RCF) жеке капитал компаниясының Басшысы Мартин Валдеспен кездесті. RCF – бүкіл әлем бойынша тау-кен жобаларына жеке инвестицияларға маманданған және жауапты инвестициялар арқылы тұрақты дамуды қолдауға бағытталған жетекші компания.

Сапар барысында Министр «BacTech Environmental Corporation» Президенті және Бас Директоры Росс Оррмен кездесті. BacTech қалдық қоймаларынан алтын мен күміс сияқты бағалы металдарды алу үшін BACOX биолизінің инновациялық технологиясын пайдаланады. Компания Эквадорда, Перуде және Колумбияда белсенді жұмыс істейді, қоршаған ортаны жақсарту және металл өңдеу тиімділігін арттыру технологияларын қолданады.

Бұл кездесулер Қазақстан мен АҚШ-тың тау-кен және инфрақұрылымдық салалардағы ынтымақтастығына қызығушылықтың артып келе жатқанын, өзара инвестициялар мен тұрақты экономикалық өсу үшін жаңа мүмкіндіктер ашатынын көрсетті.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге