Баспасөз релиздері

Қазақстан мен Silvercorp компаниясы тау-кен саласындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады

Қазақстан мен Silvercorp компаниясы тау-кен саласындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады

Астанаға канадалық Silvercorp Metals Inc. компаниясының делегациясы келді. Сапар аясында «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Азамат Қожановпен кездесу өтті. Компания тарапынан кездесуге негізін қалаушы және бас директор, геология ғылымдарының докторы Руй Фэн және компания президенті Лон Шэйвер қатысты.

Кездесу барысында тараптар халықаралық тәжірибе мен тұрақты жер қойнауын пайдалану тәсілдерін қолдана отырып, тау-кен өнеркәсібі саласындағы жобаларды дамыту әлеуетін талқылады. Канадалық компания Қазақстан аумағындағы түсті және бағалы металл кен орындарын барлау және игеру жобаларына қызығушылық білдіріп, елде өз кеңсесін ашуды жоспарлап отыр.

IMG_4361.JPG

Азамат Қожанов Қазақстан күрделі жобаларды жүзеге асыру тәжірибесі бар, жоғары технологиялық мәдениеті бар халықаралық компаниялардың келуіне мүдделі екенін атап өтті. Сонымен қатар ол KAZAKH INVEST тарапынан тау-кен-металлургия секторындағы перспективалы инвестициялық жобаларды іздеуге және іске асыруға қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді.

Тараптар жер қойнауын пайдалану саласындағы перспективалы бастамалар аясында өзара диалогты жалғастырып, ынтымақтастықты тереңдетуге мүдделілік білдірді.

IMG_4362.JPG

Silvercorp — Қытай мен Латын Америкасында сәтті жұмыс істеп жатқан, түсті және бағалы металдарды өндіру мен өңдеуге маманданған, өндірістік процестерді цифрлық басқару технологияларын қолданатын канадалық көпшілікке қолжетімді тау-кен компаниясы. Компанияның саладағы халықаралық жобаларды іске асыруда мол тәжірибесі бар.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге