Қазақстан мен Германия $6,3 млрд сомасына 36 құжатқа қол қойды
«KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ қолдауымен ұйымдастырылған екі мемлекет басшыларының қатысуымен өткен Қазақ-Герман бизнес-форумы аясында жалпы сомасы $6,3 млрд болатын 36 коммерциялық құжатқа қол қойылды.
Келісімдер Көлік және логистика, машина жасау, өңдеу және тау-кен өнеркәсібі, АӨК, энергетика, мұнай химиясы, ғылыми зерттеулер және т.б. салалардағы бірлескен жобаларды дамытуға бағытталған.
Осылайша, ҚР Көлік министрлігі мен Skyhansa $560 млн сомасына «Қорғас-Шығыс қақпасы» халықаралық әуежай салуға қатысты негіздемелік келісімге қол қойды, бірлескен жоба үш кезеңде іске асырылып, 700-ге жуық жұмыс орнын ашады деп күтілуде. Жүк терминалының өнімділігі 50 мың тонна жүкті құрайды, ал жолаушылар терминалының өткізу қабілеті сағатына 500 адамға дейін жетеді. Көлік-логистика саласындағы тағы бір келісім Ақтау теңіз сауда порты мен Rhenus SE арасындағы 2030 жылға қарай тримодальды контейнерлік терминал салу жөніндегі өзара түсіністік туралы Меморандум болды.
Бірқатар қол қою Қазақстанда түрлі техниканы оқшаулауға бағытталған. «Бәйтерек» ҰБХ мен CLAAS Global Sales арасындағы ынтымақтастық туралы келісім елімізде $1,1 млрд сомасына сепкіштер мен тракторлар өндіруге есептелген, сонымен бірге Агромашхолдинг пен AMAZONEN-WERKE H. DREYER Қостанай облысында $250 млн сомасына «Condor» сепкіштерін бірлесіп өндіру жөніндегі жобаны іске асыру туралы келісімге қол қойды. «Бәйтерек» ҰБХ мен HORSCH Maschinen $770 млн сомасына ауылшаруашылық техникасын өндіру бойынша ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Соңында, Самұрық-Қазына мен SIEMENS Қазақстанда $27 млн сомасына бақылау-өлшеу аспаптарын өндіруді оқшаулау шеңберінде стратегиялық әріптестік туралы келісімге қол қойды.
Форум аясында Qazaq Kalium, KfW Bankengruppe және Euler Hermes Group арасында Батыс Қазақстан облысындағы «Сатимола» кен орны базасында калий тұздары мен бор қышқылын өндіру жөніндегі байыту-өндірістік кешенін салу жобасы бойынша $2,4 млрд сомасына өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Сондай-ақ, «Бәйтерек» ҰБХ және KfW Bankengruppe жаңартылатын энергия көздері, энергия тиімділігі және шағын және орта бизнесті қолдау жобаларын $500 млн сомасына кредиттік қаржыландыруды көздейтін өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойды.
Декларативті сипаттағы бірқатар құжаттарға қол қойылды. Осылайша, ҰТО РМК және ГФР геоғылымдар және табиғи ресурстар федералды институты (BGR) сирек және сирек жер металлдардың әлеуетін бірлесіп зерттеуге, оларды қайта өңдеуге және екі елдің өнеркәсібінде пайдалануға бағытталған ниеттер туралы Меморандумға қол қойды. ҚР Ұлттық сейсмологиялық бақылау және зерттеу ғылыми орталығы мен Германияның гео зерттеулер орталығы (GFZ) сейсмикалық қауіпті бақылау және жер сілкінісі туралы ескерту мәселелері бойынша ынтымақтастыққа бағытталған меморандумға қол қойды.
Уағдаластықтарды іске асыру екі елдің жемісті ынтымақтастығын кеңейту жолындағы маңызды қадам болмақ.
Қол қойылған құжаттар тізімі:
- ҚР Көлік министрлігі мен «Hansa Consortium» арасында халықаралық жүк және жолаушылар әуежайын салу жөніндегі жобаны бірлесіп іске асыру туралы негіздемелік келісім;
- «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ мен «HORSCH Maschinen GmbH» арасындағы ынтымақтастық туралы келісім;
- «Самұрық-Қазына» АҚ мен «SIEMENS» ЖШС арасындағы стратегиялық әріптестік туралы келісім;
- «Ұлттық технологиялық болжау орталығы» РМК мен ГФР геоғылымдар және табиғи ресурстар Федералды институты (BGR) арасындағы ниет туралы Меморандум;
- ҚР өнеркәсіп және құрылыс министрлігі, ҚР сауда және интеграция министрлігі және Германия экономикасының шығыс комитеті арасындағы Техникалық реттеу саласындағы ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Германия бастамасының жол картасы;
- ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен «SVEVIND Energy» арасындағы «жасыл сутегі» жобасымен байланысты зерттеулер саласындағы ынтымақтастық туралы Меморандум;
- ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі, ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі және «SIEMENS» ЖШС арасындағы өзара түсіністік туралы стратегиялық Меморандум;
- «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ мен «KfW Bankengruppe» арасындағы өзара түсіністік туралы Меморандум;
- «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ мен «CLAAS Global Sales GmbH» арасындағы ынтымақтастық туралы келісім;
- «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ мен «Deutsche Bank» арасындағы мандаттық хат;
- «Qazaq Kalium Ltd.» ЧК, «KfW Bankengruppe» және «Euler Hermes Group» арасындағы «Батыс Қазақстан облысындағы «Сатимола» кен орны базасында калий тұздары мен бор қышқылын өндіру жөніндегі байыту-өндірістік кешенінің құрылысы» жобасы бойынша өзара ынтымақтастық туралы Меморандум;
- Қостанай облысында «Агромашхолдинг АҚ» және «AMAZONEN-WERKE H. DREYER SE & Co. KG.» арасында «Condor» сепкіштерін бірлесіп өндіру жөніндегі жобаны іске асыру туралы келісім;
- «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ мен «KFW IPEX Bank» арасындағы негіздемелік келісім;
- «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ мен «Landesbank Baden-Württemberg» (LBBW) арасындағы негіздемелік келісім;
- «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» ЖШС және «FIMA Maschinenbau GmbH» арасындағы өзара ынтымақтастық туралы Меморандум;
- «Flight Design Kazakhstan» және «Flight Design general aviation GmbH» арасындағы аса жеңіл ұшақтарды құрастыру жөніндегі жобаны бірлесіп іске асыру туралы келісім;
- «LAURUS INVEST» ЖШС мен «SIEMENS» ЖШС арасындағы ынтымақтастықты дамытудың жол картасы;
- Алматы қаласындағы «Taimas limited» және «Ernst Klett AG» арасындағы неміс мектебін салу және пайдалану жөніндегі әріптестік туралы келісім;
- Ақмола облысының әкімдігі мен «СТ Agro» компаниялар тобы арасындағы ынтымақтастық туралы келісім;
- «DALA Construction» және «VOLLERT ANLAGENBAU GMBH» арасындағы ынтымақтастықты кеңейту туралы Меморандум;
- «Жасыл Даму» АҚ, «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ, «Seven Rivers Technologies» ЖШС және «HORN Glass Industries AG» арасындағы өзара түсіністік туралы Меморандум;
- «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ, «HORSCH Maschinen GmbH» және «Қазақстанның астық консорциумы» ЖШС арасындағы ынтымақтастық туралы келісім;
- «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ мен «German Agribusiness Alliance» арасындағы ынтымақтастық туралы келісім;
- «ҚазАгроҚаржы» АҚ мен «German Agribusiness Alliance» арасындағы ынтымақтастық туралы келісім;
- «Ақтау теңіз сауда порты» ҰК» АҚ мен «Rhenus SE» арасындағы өзара түсіністік туралы Меморандум;
- «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» ЖШС және «EKATO RMT» арасында қосалқы бөлшектер мен шығын материалдарын жеткізу шарты;
- «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» ЖШС және «Siemens Energy» арасындағы өзара ынтымақтастық туралы Меморандум;
- «Қазақстандық жүк теміржол тасымалдаушыларының Қауымдастығы» ЗТБ мен «DB Engineering & Consulting GmbH» арасындағы теміржол тасымалдарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөніндегі өзара ынтымақтастық туралы Меморандум;
- «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ, «CLAAS Global Sales GmbH» және «Қазақстанның астық консорциумы» ЖШС арасындағы ынтымақтастық туралы келісім;
- ҚР Көлік министрлігі мен «DB Engineering & Consulting GmbH» арасындағы стратегиялық ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы Меморандум;
- «Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі» АҚ мен «Helaba Bank» арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандум;
- «Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі» АҚ мен «Deutsche Bank AG» арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандум;
- «Кегок» АҚ мен «Siemens Energy» арасындағы энергетикалық секторды цифрландырудағы ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы Меморандум;
- «ҚТЖ» ҰК АҚ мен «DB Engineering & Consulting GmbH» арасындағы орта дәлізді (ТХТМ) дамыту жөніндегі стратегиялық ынтымақтастық туралы Меморандум;
- Қостанайда «СарыарқаАвтоПром» ЖШС Корпоративтік университеті мен «Эрфурт білім беру орталығы» (LEG Thüringen) арасында бірлескен қазақстан-неміс оқу орталығын (машина жасау) құру туралы келісім;
- «Seven Rivers Technologies» ЖШС, «Имсталькон» АҚ және «HORN Glass Industries AG» арасындағы стратегиялық әріптестік туралы Меморандум.