Баспасөз релиздері

Alarko Holding түрік инвесторы Қазақстанда жүзеге асыру үшін жаңа жобаларды қарастыруда

Alarko Holding түрік инвесторы Қазақстанда жүзеге асыру үшін жаңа жобаларды қарастыруда

Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаров Түрік Республикасындағы Қазақстан Республикасының Елшілігі, Инвестициялар комитеті, "KAZAKH INVEST" ҰК" АҚ, ҚР ИИДМ автомобиль жолдары комитеті және түрік инвесторы Alarko Holding өкілдерімен өткен кеңес барысында хабарлады.

Бүгінгі таңда Түркия Қазақстанның басым сауда-экономикалық және инвестициялық серіктестерінің бірі болып табылады. Тәуелсіздік жылдары Түркия Қазақстан экономикасына шамамен $4 млрд инвестиция салды, Қазақстан түрік экономикасына $1 млрд-тан астам инвестиция салды. Сонымен қатар, соңғы үш жылда сауда-экономикалық және инвестициялық қатынастардың қарқынды дамуы байқалады. 2019 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Түркия арасындағы тауар айналымы $ 3,1 млрд құрады.

Қазіргі кезде Alarko Holding инвесторы Makyol Holding түрік компаниясымен және Korea Expressway Оңтүстік Корея компаниясымен консорциумда Қазақстанда ұзындығы 66 шақырым ақылы автожолды-Үлкен Алматы айналма автомобиль жолын (ҮААЖ) салу және пайдалану бойынша жобаны іске асыруда.

Жобаның құны $737 млн.құрайды. Болжамдық қарқындылығы орташа есеппен тәулігіне 44 мың автомобильді құрайды, жоба көпір өткелдері мен жол өткелдерінің 42 бірлігін, 8 көлік айрығын қарастырады. Жобаны іске асыру 2018 жылдың мамыр айында басталды.

Кеңес барысында сондай-ақ, түрік Холдингі мемлекеттік-жеке меншік әріптестік тетігі бойынша іске асыруға дайын перспективалық жобалар ұсынылды. Инвесторды қызықтыратың бағыттардың бірі-ЖЭК саласы.

Өз кезегінде, KAZAKH INVEST тарапынан қолданыстағы артықшылықтар туралы ақпарат жеткізілді. Сондай-ақ компания өкілдері "бір терезе" қағидаты бойынша ұсынылатын жобаларды сүйемелдеудің негізгі қағидаттары мен сервистік қызметтер туралы хабарлады.

Мұндай форматтағы кездесулер сыртқы саяси ведомствосы, ҚР шет елдердегі мекемелері, мүдделі орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар өкілдерінің және инвесторлардың қатысуымен тұрақты негізде өткізіледі.

Анықтама: 

Alarko Holding штатында 7 мың қызметкер жұмыс жасауда, сондай-ақ 24 еншілес компания кіреді. Инвестор қызметін бес бағыт бойынша жүзеге асырады: құрылыс, энергетика, өнеркәсіп, туризм және ҚМЖ жүргізу үшін жер учаскелерін дамыту. Бүгінгі таңда холдинг үш құрлықта 200-ден астам жобаны жүзеге асырды.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге