Баспасөз релиздері

KAZAKH INVEST оңтүстік кореялық LX International Corp. компаниясымен кездесу өткізді

KAZAKH INVEST оңтүстік кореялық LX International Corp. компаниясымен кездесу өткізді

Бүгін «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ-да LX International Corp. аймақтық кеңсесінің бас директоры Вон Кей Хонгпен кездесу өтті.

Оңтүстік кореялық компания көмір, мұнай және металл өндіру жобаларын әзірлеу және басқаруға маманданған, сондай-ақ жаңа экологиялық таза жобаларға инвестиция салады.

Қатысушылар аймақтың инвестициялық ахуалын, ағымдағы энергетикалық саясатын және өзара тиімді ынтымақтастықтың әлеуетті нұсқаларын талқылады.

Кездесу барысында Инвестициялар тарту және маркетинг департаментінің директоры Әсел Суанкулова жергілікті нарықтың артықшылықтары туралы айтып, компанияны елге инвестиция салуға шақырды.

Компания өкілдері инфрақұрылым мен өңдеу секторына инвестиция салуға қызығушылық танытты.

Тараптар кездесу қорытындылары бойынша өзара қызығушылықтарын атап өтіп, инвестициялық ынтымақтастық нұсқаларын одан әрі зерттеуге келісті.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге