Баспасөз релиздері

KAZAKH INVEST жыл сайынғы AIM Global 2023 инвестициялық конгрессіне қатысты

KAZAKH INVEST жыл сайынғы AIM Global 2023 инвестициялық конгрессіне қатысты

Абу-Дабиде «Инвестициялық парадигманың ауысуы: тұрақты экономикалық өсуді, әртүрлілікті және өркендеуді ілгерілету үшін болашақ инвестициялық мүмкіндіктер» тақырыбындағы 12-ші AIM Global 2023 халықаралық инвестициялық форумы өтуде. Форумның мақсаты – елдің инвестициялық стратегияларын ілгерілету тиімділігін арттыру арқылы әлемдік экономиканың мүмкіндіктерін кеңейту.

Форум елдер арасындағы экономикалық қарым-қатынастарды дамытуға ықпал ететін Таяу Шығыстағы жетекші инвестициялық алаң ретінде өзін танытты. Шараға 170-тен астам елден мемлекеттік органдардың басшылары, трансұлттық компаниялар мен шағын және орта бизнес өкілдері қатысты. Форумға «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ атынан компанияның Біріккен Араб Әмірліктеріндегі өкілі Досхан Иманбеков қатысты.

Форум аясында «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ өкілі «АХҚО әкімшілігі» АҚ Инвестиция департаментінің директоры Марат Бірімжанмен бірге Elite Agro, AD Ports, Brookfield Asset Management, Emirates Investment Authority, Elsewedy Electric, Metito сияқты компаниялардың басшылығымен келіссөздер жүргізді. Кездесулер барысында логистика, машина жасау, жаңартылатын энергия көздері, ауыл шаруашылығы және инфрақұрылым салаларындағы ықтимал жобалар талқыланды.

Осылайша, БАӘ-дегі 10 порт пен терминалды иеленетін және басқаратын AD Ports халықаралық байланыстар жөніндегі директоры Ахмед Аль Блуши мырзамен кездесуде Қазақстандағы халықаралық көлік хабтарын дамыту және цифрландыру жобалары, атап айтқанда контейнерлер, платформалар және басқа да вагондар паркін ұлғайту, жаңа қоймаларды, кеме жөндеу зауытын құру жоспарлары талқыланды. Бүгінгі күні қол қойылған стратегиялық серіктестік туралы келісім аясында АХҚО негізінде Каспий теңізіндегі мұнай-газ жобалары бойынша теңіз қызметтерін көрсететін бірлескен кәсіпорын құру жоспарлануда.

EIite Agro бизнесті дамыту жөніндегі директоры Ахмед Аль Марармен кездесу барысында құлпынай, көкжидек, қызанақ өсіретін жылыжай шаруашылықтарын құру жобаларын іске асыру мәселелері талқыланды. EIite Agro БАӘ-дегі жаңа піскен жемістер мен көкөністердің жетекші өндірушілері мен дистрибьюторларының бірі болып табылады. Әмірлік компаниясы үшін агроөнеркәсіптік кешендегі әлеуетті инвестициялық жобаларды дайындау туралы келісімдерге қол жеткізілді.

Соңында қазақстандық тараптың өкілдері электр қуатын, трансформаторларды және кабель өнімдерін шығаратын Мысырдың ірі өндірушісі Elsewedy Electric компаниясының басшылығымен кездесу өткізді. Кәсіпорын жел және күн электр станцияларын салу, трансформаторлар, кабель және сым бұйымдары мен керек-жарақтары өндірісін құру бойынша бірлескен жобаларды жүзеге асыруға мүдделі.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге