Баспасөз релиздері

KAZAKH INVEST ЭЫДҰ вебинарында инвестиция тарту бойынша тәжірибесімен бөлісті

KAZAKH INVEST ЭЫДҰ вебинарында инвестиция тарту бойынша тәжірибесімен бөлісті

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) Еуразия елдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша ЭЫДҰ бағдарламасы шеңберінде инвестициялар тарту бойынша халықаралық агенттіктер арасында тәжірибе алмасу бойынша вебинар ұйымдастырды. 

Іс-шараға Орталық Азия елдері үкіметтерінің мүшелері, ЭЫДҰ және KAZAKH INVEST, Business France, Enterprise Georgia, TajInvest және Invest Turkey қоса алғанда, инвестициялар тарту жөніндегі халықаралық агенттіктердің өкілдері қатысты.

Вебинар барысында тараптар тиісті институционалдық құрылымдар мен стратегияларға, мақсатты инвесторларды анықтау тетіктеріне және олармен өзара іс-қимылға, сондай-ақ жаңа жағдайда инвестициялық циклдің барлық кезеңдерінде инвесторларды қолдау әдістеріне назар аудара отырып, инвестицияларды ынталандыру жөніндегі заманауи шараларды талқылады.

Талқылау Үкімет мүшелері мен инвесторлардың сауалнамасы нәтижелері бойынша Тәжікстанның инвестицияларды ынталандыруға тәсілін талдайтын және ЭЫДҰ ұсынымдарын, сондай-ақ Қазақстан, Грузия және Франция сарапшыларын қамтитын ЭЫДҰ-ның алқалы шолуына негізделген.

Қазақстанға инвестициялар тарту шаралары және KAZAKH INVEST қызметінің негізгі бағыттары туралы Ұлттық компанияның өкілі Диана Аблякимова айтып берді.


«Жаңа шынайылық жағдайында KAZAKH INVEST инвестициялар тарту саласында түрлі жаңалықтарды пысықтауда, оның ішінде инвестициялар тарту бойынша жетекші әлемдік агенттіктермен тәжірибе алмасу арқылы. KAZAKH INVEST Бір терезе қағидаты бойынша озық тәжірибені зерттей отырып, инвестициялық жобаларды іске асыруға көмек көрсетеді, шетелдік инвесторларға қазақстандық нарыққа шығу бойынша консультациялар береді, сондай - ақ мемлекеттік және жергілікті билікпен байланысқа жәрдем көрсетеді», - деп атап өтті Диана Аблякимова вебинар барысында.

Геостратегиялық жағдайды, транзиттік және логистикалық әлеуетті, бай ресурстық базаны, халықаралық сауда және инвестициялық келісімдерді, сондай-ақ негізгі әлемдік нарықтарға қолжетімділікті қоса алғанда, табиғи инвестициялық артықшылықтардың арқасында Қазақстан тікелей шетелдік инвестициялар көлемі бойынша Орталық Азия елдері арасында көшбасшылық позицияны иеленіп келеді. 

ЮНКТАД-тың «World Investment Report 2021» есебіне сәйкес, Қазақстан өтпелі экономикасы бар елдер арасында (Ресейден кейін) ТШИ көлемі бойынша екінші орынға ие болды, сондай-ақ теңізге шыға алмайтын 34 ел арасында таза ТШИ-дің ең үлкен өсімін көрсетті.

Сонымен қатар, вебинар барысында ЭЫДҰ-дағы Елші және Польшаның тұрақты өкілі, ЭЫДҰ-ның Еуразия елдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөніндегі дөңгелек үстелінің төрағасы Александр Сурдей Орталық Азия елдерінің экономиканың түрлі секторларына ірі инвесторларды тартуға үлкен әлеуеті бар екенін атап өтіп, өңірлік ынтымақтастықты одан әрі нығайту қажеттігін атап өтті.

Вебинар инвестициялар тарту саласындағы орта мерзімді және ұзақ мерзімді басымдықтар мәселелері бойынша Орталық Азия, Шығыс әріптестігі және ЭЫДҰ елдері арасында сындарлы диалог құруға мүмкіндік берді. Онлайн-кездесудің нәтижелері бойынша агенттіктер арасындағы стратегиялық әріптестікті тереңдету және инвестициялар тарту бойынша жалпы қызметті жүзеге асыруда тиімділікті арттыру мақсатында тәжірибе алмасу практикасын қолдау туралы шешім қабылданды.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге