Баспасөз релиздері

KAZAKH INVEST Ляонин провинциясының инвесторларымен ынтымақтастық орнатуда

KAZAKH INVEST Ляонин провинциясының инвесторларымен ынтымақтастық орнатуда

ҚХР-дағы «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ өкілдері Ляонин провинциясының ірі компаниялары үшін Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктерінің тұсаукесерін өткізді. Іс-шараға Ляонин провинциясы мен Далянь қаласының Сыртқы істер басқармасының басшылары, Чансин аралының экономикалық және технологиялық дамуы Далянь аймағының Басқарушы комитетінің директоры Го Чанмин, сондай-ақ «Hengli Petrochemical (Dalian) Chemical» компаниясының басшылығы қатысты.

Онлайн кездесу аясында Ляонин провинциясы Халық үкіметі сыртқы істер басқармасының басшысы Луо Ли провинцияның өңір кәсіпорындары мен Қазақстан Республикасы арасында өзара тиімді инвестициялық ынтымақтастықты орнатуға мүдделілігін білдірді.

Ляонин провинциясының жетекші кәсіпорындарының бірінің басшысы «Hengli Petrochemical (Dalian) Chemical» бас директоры Сюй Цзинь компанияның қызметін таныстырды, сондай-ақ қазақстандық компаниялармен мұнай-химия және тоқыма өнеркәсібі саласында инвестициялық ынтымақтастықты жолға қою мүмкіндігін бірлесіп зерттеуге мүдделілігін білдірді.

Чансин аралының экономикалық және технологиялық дамуының Далянь аймағының директоры Го Чанмин арнайы экономикалық аймақтың қызметімен таныстырып, қазақстандық экономикалық аймақтармен бірлескен жұмысқа қызығушылығыл білдірді.

Өз кезегінде ҚХР-дағы KAZAKH INVEST Бас өкілі Қуаныш Амантай елдің инвестициялық мүмкіндіктерімен таныстырып, Қазақстандағы шетелдік инвесторларды мемлекеттік қолдау шаралары туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Өз сөзінде спикер химия және мұнай химиясы саласындағы инвестициялық жобаларды дамыту ҚР экономикасының басым бағыттарының бірі болып табылатынын атап өтті.

Іс-шара қорытындысы бойынша «Hengli Petrochemical (Dalian) Chemical» компаниясымен ҚР-дағы нақты инвестициялық жобалар бойынша ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылау үшін қосымша кездесулер өткізу, Ляонин провинциясының басқа компанияларымен ынтымақтастықты нығайту, сондай-ақ KAZAKH INVEST-тің «Қытай мен Орталық Азия ынтымақтастығының 9-шы форумына» қатысуы үшін туралы уағдаластықтарға қол жеткізілді.

Анықтама: Ляонин провинциясы Солтүстік-Шығыс Қытайдың ірі өнеркәсіптік орталығы болып табылады, өңірде болат, алюминий, химиялық және мұнай-химиялық бұйымдар, автомобильдер, автобустар, ұшақтар, локомотивтер, кемелер, электроника, электротехника, өнеркәсіптік жабдықтар, дәрі-дәрмектер, дайын киім, тоқыма, тамақ өнімдері және құрылыс материалдары өндіріледі. Провинцияда теңіз, теміржол және авиация көлігі, қаржы секторы, энергетика, бөлшек сауда, логистика, туризм, телекоммуникация және ақпараттық технологиялар дамыған.

Ляонин провинциясында «Fortune Global 500» және «Forbes Global 2000» тізімдеріндегі ірі компаниялар, соның ішінде «Ansteel Group» және «China Zhongwang Holdings» (металлургия), «Hengli Petrochemical» (мұнай химиясы), «Bank of Jinzhou» және «Shengjing Bank» (қаржылық қызметтер) орналасқан.

Сондай-ақ, провинцияда «Brilliance China Auto», «BMW Brilliance», «Polarsun Automobile», «SG Automotive» және «Huanghai Bus» (автомобиль жасау), «Shenyang Aircraft Corporation» (авиақұрылыс), «CRRC Dalian» (локомотивтер өндірісі), «Dalian Shipbuilding Industry Company» (кеме жасау) және «Bohai Shipbuilding» (автомобиль жасау), «China HUALU Group» (электроника өндірісі), «Benxi Steel Group», «Dongbei Special Steel» және «Fushun special Steel» (Металлургия), «Fushun petrochemical» (мұнай химиясы), «China Bio-Immunity Corporation» (фармацевтика), «Dayang Group» (киім өндірісі), «Hanwei Group» (тамақ өнеркәсібі), «Siasun Robotics» (роботтар өндірісі), «Dashang Group» (бөлшек сауда), «Bank of Dalian» (қаржылық қызметтер), «Dalian Airlines» (авиатасымалдар), «Neusoft» және «Hi Soft» (бағдарламалық қамтамасыз ету) компанияларының штаб-пәтерлері орналасқан.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге