Баспасөз релиздері

Қазақстандық делегация «Agritechnica - 2019» ауыл шаруашылық техника көрмесіне қатысты

Қазақстандық делегация «Agritechnica - 2019» ауыл шаруашылық техника көрмесіне қатысты

Қазақстандық делегация «Agritechnica - 2019» ауыл шаруашылық тхниканың халықаралық көрмесіне қатысты.

Іс-шараның ашылуына ГФР Азық-түлік және ауыл шаруашылық федералды министрі Ю. Клёкнер, Төменгі Саксония федералды жерлерінің Премьер-Министрі Ш. Вайль, сондай-ақ, ресми және бизнес өкілдері тобынан 2000-ға жуық шақырылған қонақтар қатысты.

Көрме барысында СҚО әкімінің бірінші орынбасары М.Тасмағанбетов пен «Kazakh Invest» ҰК» АҚ Германиядағы шетелдік өкілі А. Тумышева «CLAAS» компаниясының өкілдерімен кездесті. Кездесуде жоғарғы деңгейдегі қазақстандық делегацияның алда болатын сапары шеңберіндегі Жол картаға қол қою жөніндегі жоба мен жоспардың іске асырылу шарттары талқыланды.

«Бұл көрме Қазақстан мен Германияның саяси және экономикалық топ өкілдері үшін тиімді алаңға айналды. Бүгінгі күні Қазақстан инвестициялық климатты жақсартуға бағытталған реформаларды дәйекті түрде өткізуде. Мемлекеттік органдардың кәсіпкерлермен ашық диалогы қамтамасыз етілуде, инвестициялар тарту үшін инфрақұрылым жетілдірілуде. Көрме алаңында өткізілген келіссөздердің нәтижесі ретінде жақын уақыт ішінде жаңа өнеркәсіптер мен бірлескен кәсіпорындардың іске қосылуы болады», - деп атап өтті Айнұр Тумышева.

Бұдан басқа, Ганновер көрмесі алаңында қазақстандық делегация бірқатар неміс компанияларымен кездесулер өткізді, оның ішінде: «Karcher» (жинауға және тазалауға арналған техникалардың әлемдегі ірі өндірушісі), «Lemken» (айналым қаражаты 380 милн. еуроны құрайтын ауыл шаруашылық техникасының әлемдік өндірушісі), «Adler  Arbeitsmaschinen» («K 750» сыпыру-жинау және қар тазалау машиналарының өндірушісі), «Agravis Technik» (аул шаруашылық құрылғыларының жеткізушісі) және т.б.

Қазақстан Республикасы мен Герман Федеративтік Республикасының арасындағы инвестициялық және технологиялық серіктестікті дамыту мәселелері келіссөздің негізгі тақырыбы болды. Неміс компанияларының өкілдері қолайлы инвестициялық климатты құруға, инвестициялық инфрақұрылымды жетілдіруге, «ашық диалог» пен мемлекет және инвестор арасындағы өзара іс-қимылды қамтамасыз етуге бағытталған шетелдік инвесторларды тарту және қазақстандық экспортты қолдау жөніндегі Қазақстанда жүргізілетін мемлекеттік саясат туралы егжей-тегжей ақпарат алды. Қазақстан экономикасына инвестициялау басымдықтарына, атап айтқанда, қолданыстағы переференциялар мен жеңілдіктерге ерекше назар аударылды.

Анықтама үшін:

Екі жыл сайын «Agritechnica» көрмесінде ауыл шаруашылық техника, жоғарғы технологиялар, өнеркәсіптік инновациялар салаларындағы соңғы әзірлемелер, сондай-ақ, өзекті салалық тенденциялар көрсетіледі. Ауыл шаруашылық құрылғыларынан басқа, көрмеде инновациялық өнімдер, суды және энергияны үнемдеуге арналған алдыңғы қатарлы шешімдер мен жаңа технологиялар, сондай-ақ, тұрақты басқару және болашақ өнеркәсіп тұжырымдамалары көрсетілімге ұсынылады.

Биылғы жылы көрмеге 450 мыңнан астам адам қатысты, ал әлемнің 53 елдерінен келген эспоненттер саны 2,8 мыңнан артты. Ағымдағы жылы «Жаһандық ауыл шаруашылығы – жергілікті жауапкершілік» жармеңкенің жетекші тақырыбы болды.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге