Баспасөз релиздері

Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері Италияда презентацияланды

Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері Италияда презентацияланды

Триест қаласында (Италия) өткізілген «Белдеу және жол: сәтті бизнестің келешегі» Саммитінің III Съездіне 20-дан астам елдердің 100-ден астам салалық қатысушылары, «Бір белдеу – бір жол» бастамасының қатысушы елдерінің саяси қайраткерлері қатысты.

Форум барысында Италияның көлік және инфрақұрылым саласын, қалаларды, сондай-ақ, «Порт Триест» халықаралық теңіз портын дамыту тәжірибесі зерделенді.

Форум жұмысына Италияның, Орталық және Оңтүстік-Шығыс Азияның саяси және іскерлік топтарының, өнеркәсіптік одақтардың, инвестициялар тарту жөніндегі агенттіктердің өкілдері, халықаралық қаржы институттарының өкілдері қатысты.

Бүгінгі күні Италия Қазақстанның Еуропалық одақ елдері ішіндегі ірі сауда әріптесі және біздің еліміздің экономикасына жетекші инвесторлардың бірі болып табылады.

Форум барысында «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ өкілі мемлекеттік қолдау шаралары, көлік және логистика саласындағы тауашалы жобалар, инвестициялар тарту және инвесторларды сүйемелдеу жөніндегі бірыңғай оператордың қатысуымен іске қосылған әрекет етуші жобалар бойынша презентацияны ұсынды.

Spea Engineering компаниясының Президенті Паоло Коста атап өткендей, өзінің қолайлы географиялық орналасуы тұрғысынан серпінді әрі белсенді дамушы Қазақстан Шығыс пен Батыс арасындағы коммуникациялардың торабы, сондай-ақ, өңірдегі инфрақұрылымдық ғимараттар құрылысы үшін үлкен халықаралық хаб болуы мүмкін.

Сонымен бірге, форум алаңында Триест халықаралық портының резиденттерімен және 1965 жылы Италияда негізі қаланған Амброзетти – Еуропалық үйінің (the European House – Ambrosetti) президентімен келіссөздер жүргізілді.

Тәуелсіздік кезеңінде қазақстандық экономикаға салынған италияндық инвестициялардың көлемі $8,7 млрд. астам соманы құрады. Бұл ретте, Қазақстанның Италиямен сыртқы сауда айналымы 2019 жылдың 8 айында $6,7 млрд құрады.

Италияндық бизнестің Қазақстан мен қызмет ету үшін қолданыстағы шарттарға деген қызығушылықтарын біздің республикамыздың аумағындағы италияндық капиталдың қатысуымен 270-ке жуық компаниялардың болуы растайды.

Форум қатысушылары атап өткендей, қол жеткізілген келісімдер мен қабылданған шешімдер көпсалалы экономикалық серіктестікті жандандыруға серпін берді, сонымен бірге, Жібек жолына және жаһандық интеграциялық үдерістерге қатысушы елдердің іскерлік топтарының жаңа мүмкіндіктері мен болашағын белгіледі.

Анықтама үшін:

Амброзетти – Еуропалық үйі (the European House – Ambrosetti) халықаралық консалтингтік тобы 1965 жылы Италияда негізін қалады. Президенті – Марко Грациоли, Басты атқарушы директоры – Валерио Де Молли. Амброзетти ұйымдастыратын форумдар әлемдік экономиканың ағымдағы сын-тегеуріндерін талқылау мақсатында мемлекет басшыларын, министрлерді, Нобель сыйлығының лауреаттарын, ірі бизнес өкілдерін, әлемдік есімі бар сарапшыларды жинайды.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге