Баспасөз релиздері

KAZAKH INVEST және Қазына Капитал Менеджмент ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

KAZAKH INVEST және Қазына Капитал Менеджмент ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

Бүгін «KAZAKH INVEST» ҰК» Басқармасының төрағасы Сапарбек Тұяқбаев пен «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ Басқармасының төрағасы Ардақ Қасымбек ынтымақтастық туралы Келісімге қол қойды.

Келісім екіжақты ынтымақтастықтың бағыттарын кеңінен қозғайды, ол перспективалық инвестициялық жобалардың картасын қалыптастыруды; «ҚКМ» тікелей инвестициялар қорына стратегиялық және қаржы инвесторларын, оның ішінде шетелдегі Kazakh Invest өкілдіктерін пайдалану арқылы тартуды қамтиды. Келісімнің жеке маңызды аспектісі «ҚКМ» портфельдік қорлары және Kazakh Invest тартатын шетел инвесторлары іске асыратын қазақстандық жобаларға бірлесіп инвестициялауды дамыту бойынша бағыт болып табылады.

Құжат Қазақстан Республикасында бизнестің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың маңызды тетігі болады, тығыз коммерциялық байланыстарды дамытуға, екіжақты инвестициялар көлемі мен технологиялар трансфертін ұлғайту үшін негіз қалыптастырады.

Сапарбек Тұяқбаев Қазақстанға инвесторларды тарту үшін шетелде Компаниялар ұйымдастыратын іс-шараларға белсенді қатысуды ұсынды, бұл осы келісімнің негізгі мақсаты болып табылады.

«Құжат елдегі бизнестің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың маңызды тетігі болады, шетелдік әріптестермен тығыз коммерциялық байланысты, технологиялар трансфертін дамыту және Қазақстан Республикасының экономикасына шетел инвестициялары көлемін ұлғайту үшін негіз қалыптастырады», - деп сөзін түйіндеді «ҚКМ» Басқармасының төрағасы Ардақ Қасымбек.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге