Баспасөз-релиздері

Баспасөз-релиздері

KAZAKH INVEST және ҚР Бас прокуратурасы инвесторлардың өтінімдерін қарастырудағы өзара іс-қимыл туралы келісімге қол жеткізді

KAZAKH INVEST және ҚР Бас прокуратурасы инвесторлардың өтінімдерін қарастырудағы өзара іс-қимыл туралы келісімге қол жеткізді

Бас прокуратура мен «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Өзара серіктестік жөнінде меморандум орнатты.

Құжат инвесторлардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету жөнінде прокуратура органдары мен KAZAKH INVEST өңірлік өкілдіктері арасындағы бірлескен іс-қимылды жүзе асыруды реттейді.

Тараптардың айтуынша, Меморандум инвесторлардың жүйелік сипаттағы өтінімдеріне жедел түрде жауап беруге мүмкіндік береді. Жүйелі проблемаларды айқындау және оларды жедел түрде шешу, инвесторларға қолдау көрсетуді және сапалы сүйемелдеуді қамтамасыз етуге, шетелдік инвестициялар үшін республиканың тартымдылығын арттыруға, елдің имиджіне жағымды ықпал ететін халықаралық рейтингтердегі орнын жақсартуға мүмкіндік береді.

«Дүниежүзілік Банктің «Doing Business 2020» рейтингісінің қорытындысы бойынша Қазақстан өз позициясын 3 тармаққа жақсартты және 25-орынға ие болды. Біздің еліміздің шетелдік инвестициялар үшін тартымдылығын арттыру үшін біз күшіміз бен қорларымызды барынша одан ары салуға ниеттіміз. Қол қойылған Меморандум Инвестициялық омбудсмен қарастыруына шығарылатын мәселелерді белсенді шешуге, орталық және жергілікті деңгейде жүйелі сұрақтарды шешу бойынша тиімді шараларды әзірлеу үшін талқылаулар өткізуге де, үлкен негіз болмақ», - деп атап өтті «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Бауыржан Сартбаев.

Ағымдағы жылдың басынан KAZAKH INVEST Сервистік қолдау және инвестициядан кейінгі мониторингілеу департаментінің мамандары инвесторлар жолдаған 30-дан астам проблемалық мәселелерді шешуге қолдау көрсеткенін атап өтеміз. Оның ішінде, кедендік, салықтық мәселелер, қажетті рұқсат ету құжаттарын, қаржыландыруды алумен және т.б. байланысты сұрақтар. Сонымен бірге, визалық және көші-қон мәселелері бойынша 170-тен астам өтінімдер қарастырылып өз шешімін тапты. Сондай-ақ, аталған кезенде компанияның Call-орталығы кәсіпкерлердің 1,7 мыңнан астам сауалдары мен өтінімдерін қабылдады және пысықтады.

Осы бағыттағы жұмыс жалғастырылатын болады.

Анықтама үшін:

ҚР Бас прокуратурасы Республика аумағында заңдардың, Қазақстан Республикасы Президенті Жарлықтарының және өзге нормативтік-құқықтық актілердің дәл және бірыңғай қолданылуына, жедел-іздестіру қызметінің, анықтама мен тергеудің, әкімшілік және атқарушылық істер жүргізудің заңдылығына жоғары қадағалуды жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының Президентіне есеп беретін мемлекеттік орган.

Веб-сайт: http://prokuror.gov.kz/rus

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге