Баспасөз релиздері

KAZAKH INVEST пен Çalık Holding тау-кен өндіру саласындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады

KAZAKH INVEST пен Çalık Holding тау-кен өндіру саласындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады

«KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Азамат Қожанов Түркияның Lidya Mines тау-кен компаниясының бизнесті дамыту жөніндегі директоры, Çalık Holding өнеркәсіптік тобына кіретін Гекхан Бекташпен кездесу өткізді.

Келіссөздер барысында тараптар Қазақстанның жер қойнауын пайдалану саласындағы инвестициялық әлеуетін, бірлескен геологиялық барлау және өндіру жобаларын іске асыру мүмкіндіктерін, сондай-ақ шетелдік инвесторлар үшін қолданыстағы мемлекеттік қолдау шараларын талқылады. Ерекше назар экологиялық жауапкершілік, тұрақты даму және жергілікті қауымдастықтарды тарту мәселелеріне аударылды.

IMG_3525.JPG

Өңірдегі өз қатысуын нығайту мақсатында Çalık Holding компаниясы Қазақстанда Lidya Mines атауымен ресми өкілдігін ашқанын мәлімдеді. Бұл қадам пайдалы қазбаларды барлау және өндіру саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту мен бірлескен бастамаларды іске асыруда маңызды кезең болмақ.

Азамат Қожанов KAZAKH INVEST компаниясының инвестициялық бастамаларды жан-жақты қолдауға дайын екенін атап өтіп, пайдалы қазбаларды жауапкершілікпен өндіру саласында тәжірибесі мен құзыреті бар халықаралық компаниялармен әріптестікке жоғары қызығушылық бар екенін жеткізді.

«Қазақстан жер қойнауын пайдалану саласында елеулі әлеуетке ие және біз тұрақты даму мен технологиялық прогресс қағидаттарын ұстанатын сенімді халықаралық компаниялармен әріптестікке ашықпыз. Мемлекет Басшысының тапсырмалары аясында біз Lidya Mines компаниясының жобасын ілгерілету бойынша белсенді жұмыс жүргізіп келеміз. Қазірдің өзінде бірқатар перспективалы кен орындары ұсынылды, сондай-ақ қолданыстағы жер қойнауын пайдаланушылармен ықтимал серіктестікті бағалау үшін байланыс орнатылды. Инвестордың өз жоспарларын тез арада жүзеге асыруы үшін жан-жақты қолдау көрсетуге дайынбыз. Lidya Mines компаниясының Қазақстанда кеңсе ашуы ұзақмерзімді ынтымақтастықтың берік негізі болады деп сенемін», — деп атап өтті Азамат Қожанов.
IMG_3524.JPG

Тараптар диалогты жалғастырып, инвестициялауға қолжетімді нақты геологиялық учаскелерді қарастыруға, сондай-ақ техникалық мамандардың қатысуымен келесі кездесулер өткізуге уағдаласты.

Анықтама:

Lidya Mines — алтын және түсті металдарды барлау, игеру және өндірумен айналысатын, Түркияның өнеркәсіптік Çalık Holding тобына кіретін түрік тау-кен компаниясы. Компания Түркияда және шетелде белсенді жұмыс жүргізіп, заманауи технологияларды, сондай-ақ экологиялық және әлеуметтік жауапкершіліктің жоғары стандарттарын қолдана отырып жобаларды дамытумен айналысады.

Lidya Mines ESG қағидаттарына (экология, әлеуметтік жауапкершілік, корпоративтік басқару) ерекше мән береді, еңбекті қорғау, қоршаған ортаны сақтау және мүдделі тараптармен өзара әрекеттесу салаларында озық әдістерді енгізуде. Компания сондай-ақ перспективалы геологиялық барлау және өндіру жобаларына, соның ішінде Орталық Азияда, инвестиция сала отырып, халықаралық әріптестіктерге белсенді қатысады.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге