Баспасөз релиздері

Израиль бизнесі Қазақстанмен ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі

Израиль бизнесі Қазақстанмен ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі

Израильдік компаниялар Қазақстан аумағындағы инвестициялық жобаларда агроөнеркәсіптік кешеннің озық технологияларын еңгізуге ниетті. Бұл туралы «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Мейіржан Юсуповпен кездесу барысында Израиль Мемлекетінің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Лиат Вексельман хабарлады.

Келіссөздер барысында тараптар екі елдің іскерлік топтарының агроөнеркәсіптік кешен, цифрландыру және инновациялық технологиялар салаларындағы ынтымақтастығының кең ауқымды мәселелерін талқылады.

Лиат Вексельман ханым өз сөзінде атап өткендей, Израиль бүгінде әлемде ауыл шаруашылығына инновациялық шешімдерді енгізу саласында жетекші орын алады. Израильдік бизнес қазақстандық АӨК секторының қарқынды дамуын ерекше қызығушылықпен бақылап отыр және осы саланың технологиялылығын арттыруға қатысуға ниетті.

Өз кезегінде Мейіржан Юсупов COVID-19 пандемиясы және тікелей шетелдік инвестициялардың жаһандық ағындарының төмендеуі жағдайында Қазақстан Үкіметі елдің экономикалық өсуін қолдау бойынша белсенді шаралар қабылдап жатқанын хабарлады. Өз кезегінде KAZAKH INVEST Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан инвестициялық жобаларды іске асырудың перспективалары мен шарттарын талқылау кезінде бірыңғай келіссөзші ретінде екі ел арасындағы іскерлік белсенділікті арттыруға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын.

Сонымен қатар, Израиль-Қазақстан Сауда Палатасының төрағасы Михаэль Роэ израильдік бизнесмендердің көкөніс өсіру кезінде қолданатын озық технологиялары туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Сондай-ақ, Қазақстан ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізуші ретінде әлемде көшбасшы орынға ие болу үшін барлық қажетті ресурстарға ие екенін хабарлады.


Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екі елдің іскер топтарының қатысуымен бірқатар таныстыру кездесулерін өткізу, сондай-ақ екіжақты инвестициялық ынтымақтастық қарқынын одан әрі арттыру туралы келісті.

Анықтама: 2020 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша ҚР-да құрылыс, мұнай-газ, металлургия, өңдеу өнеркәсібі, кабель өнімдерін өндіру, телекоммуникациялар, қаржы және сақтандыру, фармацевтика және медицина, сауда, туризм, сумен жабдықтау, АӨК, білім беру салаларында және ғылыми-техникалық салада Израиль капиталының қатысуымен 144 кәсіпорын тіркелген.

ҚР Ұлттық Банкінің деректері бойынша 2005 жылдан бастап 2020 жылдың 3 тоқсанына дейінгі кезеңде Израильден Қазақстанға ТШИ жалпы ағыны $219,5 млн құрады, 2020 жылдың 5 айында Қазақстан мен Израиль арасындағы тауар айналымы $199,4 млн-ға жетті, 2019 жылы өзара сауда көлемі $514 млн құрады.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге