Баспасөз релиздері

Инвесторлар Қазақстанда күн панельдерін шығару жобасын қаржыландырады

Инвесторлар Қазақстанда күн панельдерін шығару жобасын қаржыландырады

Қытай, Франция және Ресейден келген инвесторлар "Казатомпромоммен" бірге Қазақстанда күн панельдерін шығару кластерін құру бойынша консорциум құрды. Бұл туралы KAZAKH INVEST ұллтық компаниясының Басқарма төрағасы Сапарбек Тұяқбаев мәлімдеді.

Оның айтуынша, қазіргі таңда әлемде күн панельдеріне сұраныс өсіп жатыр, ал оның бағасы төмендеуде.

«Біз ккремний шығару жобасы бойынша келіссөздер жүргіздік. Басында техникалық, кейін күн панельдеріне арналған кремний. Қазір біз Қытай, Франция және Ресейден инвесторларды тарттық. Олар "Казатомпромоммен" бірге консорциум құрды, және осы кластерды іске қосуды жоспарлап отыр. Бүгінгі таңда негізігі бөлігі дайын, бірақ баға және бәсекеге қабілеттігі бойынша әлі жұмыс істеу керек», - деді ол.

Сапарбек Тұяқбаевтың мәліметі бойынша, бүгінгі таңда әлемдегі ең арзан күн панельдері қытайда шығарылады, баға бойынша еуропалық аналогтар бәсекелеспейді.

«Сол үшін жобаға Қытайдың ең үлкен өндірушілердің бірі тартылды. Сонымен қатар соңғы технологиялық әзірлемелерге ие француз инвесторын және РФ нарығына әсері бар Ресей инвесторын шақырдық. Кластер 2020 жылы іске қосылады», - деп түсіндірді ұлттық компаниясының басшысы.

Басқарма төрағасының пікірінше, осындай ірі жобаны іске асыру үшін Қазақстанда барлық жағдай жасалған.

«Басында панелдің өзі емес, оның негізі шығарылу мүмкін. Бұдан бөлек, өнім экспортқа бағытталады деп күтілуде. Біз Өзбекістанды қарастырып жатырмыз. Өйткені бұл елде электр қуатқа өсіп жатқан дефицит байқалып жатыр. Сонымен бірге, оларда күн энергиясы өте көп, меның ойымша, олар біздің әлеуетті клиентіміз. Араб елдері де қазіргі таңда күн станцияларына өтуде», - жалғастырды Тұяқбаев.

Оның айтуынша, бүкіл әлемдік болжамдырдың мәлеметі бойынша, таяудағы 10-15 жылда адамзат баламалы энергия көздерінен электр энергиясын өндіруге ауысады. Дегенмен, өндірілген энергияны сақтау мәселесін шешу керек.

«Қазір бүкіл әлем тиімді сақтау орындарын іздеуде, олардың әрқайсысы әртүрлі көзқарастар мен технологиялық шешімдерге ие. Бүкіл әлем баламалы энергия көздерін дамытып жатыр, бұл салада үлкен әлеует бар. Біз осы жоба бойынша бір жылдан бері жұмыс істеп жатырмыз және үлкен сұранысқа үміттенеміз», - деді KAZAKH INVEST ұллтық компаниясының Басқарма төрағасы Сапарбек Тұяқбаев.


Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге