Баспасөз релиздері

БАӘ мен Ресейдің инвесторлары Қазақстанда сирек кездесетін металлдарды бірлесіп өңдейтін болады

БАӘ мен Ресейдің инвесторлары Қазақстанда сирек кездесетін металлдарды бірлесіп өңдейтін болады

«KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Мейіржан Юсупов эмираттық «SSD Group» компаниясының және ресейлік  «ДИНАТРОН» Компаниялар тобының басшылығымен кездесу өткізді. Келіссөздер барысында шетелдік инвесторлар Шығыс Қазақстан облысындағы Ертіс химия-металлургия зауытын жаңғырту және сирек кездесетін металдар өндірісі бойынша бірлескен жобаны іске асыруға ниет білдірді.

Кәсіпорынды жаңғырту шеңберінде жаңа соғу, табақша металды және құбыр илемдейтін өндірісінің құрылысы пысықталуда. Осылайша, 2024 жылға дейін металлургия зауытына салынатын инвестиция көлемі $100 млн-нан асады. Сондай-ақ инвесторлар осы кәсіпорын үшін энергетикалық жобаларға инвестициялау ниетін білдірді.

«Қазақстан сирек және жерде сирек кездесетін металдар мен олардан жасалатын өнімдерді жеткізудің жоғары технологиялық өндірістерде белсенді пайдаланылатын жаһандық тізбегінің бір бөлігі болуға ұмтылуда. Ал ЕХМЗ Қазақстанда сирек кездесетін металдар өндірісі саласын дамытудың драйвері бола алады. Осыған байланысты, KAZAKH INVEST мемлекеттік органдармен және ұйымдармен бірлесіп, Ертіс химия-металлургия зауытының бірегей кәсіпорнын дамыту үшін жан-жақты қолдау көрсетеді» - деп толықтырды «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Мейіржан Юсупов.


Келіссөздер қорытындысы бойынша «SSD Group» бас директоры Раджеб Канан мен «ДИНАТРОН» компаниялар тобының басшылығы жобаны бұдан әрі бірлесіп іске асыру туралы уағдаластыққа қол жеткізді.

Анықтама: «SSD Group» компаниясының негізі 1977 жылы қаланған, оның құрамына шейх Сұлтан бин Сурур Әл-Дахиридің қарамағындағы, басқаратын 40-тан астам кәсіпорын кіреді. Бүгінгі күні SSD тобының мықты базасы және оннан астам елді (Ұлыбритания, Канада, Египет, Ливан, Кувейт, Бахрейн және Марокко және т.б.) қамтитын халықаралық инвестициялық портфелі бар және ол кәсіпорындар мен қызмет түрлерінің (мұнай-газ қызметтері, агробизнес, тау-кен металлургия кешені, жылжымайтын мүлік, сауда, денсаулық сақтау және т. б.) көп түрлі жиынтығын қамтиды.

«ДИНАТРОН» Компаниялар тобының негізін 1996 жылы «РОСАТОМ» кәсіпорындарында ғылыми-техникалық жұмыстарды орындау үшін РФ атом саласының технологтары, мамандары тобы қалады. Бүгінде компания ұжымына сирек және сирек жер металдарды өндіру технологияларын әзірлеу және өнеркәсіптік енгізу саласында бірегей құзыреттілікке ие 20-дан астам техника ғылымдарының кандидаттары мен докторлары кіреді. «ДИНАТРОН» құрамына 9 ресейлік және қазақстандық компания кіреді.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге