Баспасөз релиздері

Чехиялық инвесторлар Қазақстанда сорго шәрбатын дайындау жобасын жүзеге асыруға ниетті

Чехиялық инвесторлар Қазақстанда сорго шәрбатын дайындау жобасын жүзеге асыруға ниетті

Чехиялық «Agras» компаниясы қазақстандық серіктесімен Оңтүстік Қазақстан облысында бал жүгерісінен шәрбат дайындау жобасын жүзеге асыруға ниетті екенін білдірді.  

Бал жүгерісінен әзірленетін шәрбат органикалық, қант пен қант сусынын алмастыратын табиғи әрі қауіпсіз өнім болып табылады. Аталған өнім кондитерлік өнеркәсіп пен спирт өндірісінде пайдаланылады. Сондай-ақ, бөлшек сауда-саттықта сатылады.

«Біз Қазақстанға бал жүгерісін өндіру мүмкіндігін анықтау үшін келдік. Чехияда соргоның не екендігін көбі біле қоймайды. Бүгін біз «Kazakh Invest»компаниясының басшылығымен кездестік. Кездесу барысында болашақта бұл жобаны жүзеге асыру мәселесі талқыланды. Жуық арада Оңтүстік Қазақстан өңірінің топырағына талдау жасалады. Барлық параметрлерді зерттеген соң аталған жобаның бізге қаншалықты тиімді екендігін айта аламыз. Дәл қазіргі уақытта аталған жоба бізді қатты қызықтырып отыр,- деді чехиялық «Agras» компаниясының басшысы Антонин Стоян.

Айта кетері, Қазақстанда бал жүгерісінен дайындалатын шәрбат жылына 3 мың тоннаға жуық өндіріледі деп жоспарлануда.    


Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге