Баспасөз релиздері

Қытайдың халықаралық сауда палатасының алаңында Қазақстанның инвестициялық әлеуеті ұсынылды

Қытайдың халықаралық сауда палатасының алаңында Қазақстанның инвестициялық әлеуеті ұсынылды

«KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ мен Қазақстан Республикасындағы Халықаралық саудаға жәрдемдесу жөніндегі Қытай комитетінің өкілдігі ҚХР бизнес-қауымдастығы өкілдері үшін онлайн-конференция өткізді.

Іс-шара аясында қытайлық компаниялардың Қазақстанның инвестициялық әлеуетін түсінуін жақсарту, Қазақстан мен Қытай бизнесінің өзара іс-қимылын кеңейту, екі елдің кәсіпорындарына экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты нығайтуға көмектесу мақсатында инвестициялық мүмкіндіктердің презентациясы өтті.

Конференцияны аша отырып, Қазақстан Республикасындағы халықаралық саудаға жәрдемдесу жөніндегі Қытай комитетінің бас өкілі Чэнь Хунцян, бұл іс-шара қытайлық компаниялар үшін Қазақстанның инвестициялық әлеуетін түсінуді жақсартуға, сондай-ақ екіжақты ынтымақтастықтың толық спектрін және оның тиімділігін кеңейтуге пайдалы алаң болатынын атап өтті.

Өз кезегінде «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Жандос Темірғали Қытай Қазақстанның өте маңызды стратегиялық серіктесі екенін атап өтті. Оның айтуынша, соңғы кездері елдер арасындағы қарым-қатынас қарқынды дамып келеді, бұған Қытай компанияларының Қазақстанға жұмыс сапарының өсуі дәлел болып табылады. Бұл қытай бизнесінің Қазақстанмен ынтымақтастыққа қызығушылығын көрсетеді.

_newСнимок экрана (286) — копия.png

«KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Қытайдағы бас өкілі Қуаныш Амантай Қазақстан Республикасының инвестициялық ахуалы және қазақстандық компаниялармен инвестициялық ынтымақтастық әлеуеті туралы баяндама жасады.

«KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ жоба менеджерлері Данагүл Сатова, Бектұр Уақбаев және Лейла Гимранова Қазақстандағы агроөнеркәсіптік, тау-кен металлургия кешендері мен энергетиканың жай-күйі, Қазақстан Республикасы Үкіметі ұсынған преференциялар, сондай-ақ жоғарыда аталған секторлардағы екі ел арасындағы қарым-қатынастарды дамыту әлеуеті туралы толық айтып берді.

Анықтама:

2011 жылдан бері Қытайдан Қазақстанға тікелей инвестицияның жалпы ағыны $17,5 миллиардқа жетті.Сонымен бірге, 2022 жылдың бірінші жартыжылдығы қорытындысы бойынша 611,1 млн долларға жуық ағынды құрады. Елдер арасындағы тауар айналымы 2021 жылы 18,2 миллиард долларды құраса, 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында бұл көрсеткіш 11,3 миллиард долларға жетті

Халықаралық сауданы ынталандыру жөніндегі Қытай комитеті (бұдан әрі – CITC) 1952 жылы құрылған. CITC сауда мен инвестицияны ынталандыру жөніндегі ұлттық орган болып табылады.

CITC әлемнің 180 елі мен аймақтарындағы 400-ден астам сауда және өнеркәсіп палаталарымен, сыртқы сауда бірлестіктерімен және сауда-экономикалық ұйымдарымен тығыз байланыста. 100-ден астам елдегі ұқсас құрылымдармен ынтымақтастық туралы келісімдер жасалған.

CITC-ның 15 штат пен облыс аумағында тұрақты өкілдіктері бар.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге