Баспасөз релиздері

Павлодар облысының бизнес-қауымдастығымен кездесу өтті

Павлодар облысының бизнес-қауымдастығымен кездесу өтті

ҚР СІМ Инвестициялар комитетінің төрағасы Ардақ Зебешевпен «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Мейіржан Юсупов Павлодар облысына келіп, өңірдің бизнес-қоғамдастығымен кездесу өткізіп, бірқатар өнеркәсіптік объектілердің жұмыс алаңдарын аралады.

Өңірдің бизнес-қоғамдастығымен кездесу барысында Павлодар облысы әкімінің орынбасары Серік Батырғожинов құттықтау сөз сөйлеп, кәсіпкерлерді инвестициялық жобаларды белсенді жүзеге асыруға шақырды.

Инвестициялар комитетінің төрағасы Ардақ Зебешев инвесторларды қолдау құралдары туралы айтып берді. Оның айтуынша, 2005 жылдан бастап Павлодар облысында жалпы сомасы 344,5 млрд теңге болатын 19 инвестициялық келісімшартқа қол қойылған. Сондай-ақ, ол 2021 жылы ірі стратегиялық инвесторлар үшін енгізілген Инвестициялар туралы келісімді (ИТК) алға тартты.

Өз кезегінде Мейіржан Юсупов Павлодар облысының өнеркәсіптік әлеуеті жоғары және көп салалы ауыл шаруашылығы бар екенін, бұл аймақты инвесторлар үшін ең тартымды өңірлердің біріне айналдыратынын атап өтті. Облыста металлургия, химия салаларын дамыту үшін мүмкіндіктер бар, жер қойнауында сирек жер металдарының кен орындары бар. Қазақстан Республикасының Инвестициялық жобаларының бірыңғай пулында Павлодар облысы жалпы сомасы 755 млрд теңгені құрайтын 20 жобамен, оның ішінде шетелдік қатысуымен – 501 млрд теңге болатын 5 жобамен ұсынылған. Оның айтуынша, ТМК, мұнай және химия, АӨК, туризм, құрылыс индустриясы және машина жасау салаларындағы ірі жобаларды Корея, БАӘ, Швейцария, Германияның (SAC, ANSA Silicon, EkibastuzFerroAlloys, Railcast Systems) инвесторлары жүзеге асыруда. Ұлттық компания өз тарапынан аталған компанияларға жобаларды іске асыруға жәрдемдесуде.

«Бір терезе» тобының жетекшісі Әйгерім Қойлақова инвестициялық омбудсмен шеңберінде инвестициялық преференциялар мен инвесторларды қолдау тетіктері туралы хабардар етті. Павлодар фронт-офисіне 2022 жылы 35 инвестициялық жобаны іске асыруға жәрдемдесу бойынша инвесторлардан 35 өтініш келіп түскен.

2014 жылдан бастап 2022 жылдың 3 тоқсанына дейін Павлодар облысына тартылған ТШИ жалпы көлемі $6,56 млрд құрады.

Сапар аясында делегация ферроқорытпа зауытын салу жобасын іске асыратын «Ekibastuz FerroAlloys» ЖШС алаңына барды. Жобаның құны 94,2 млрд теңгені құрайды. Зауыт 2023 жылдың 4 тоқсанында пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.

Сонымен қатар, делегация Екібастұз қаласында ұста-бандаж кешенін шығаратын Railcast Systems өндірісінің құрылысын шолып шықты. Өндірілген өнім ішкі нарыққа және жақын маңдағы елдерге жеткізілетін болады. Жобаны іске асыру мерзімі - 2024 жыл. 570 жұмыс орны құрылатын инвестицияның көлемі 78,6 млрд теңгені құрайды.

Сондай-ақ, олар «Проммашкомплект» ЖШС тұтас илектелген теміржол дөңгелектерінің өндірісімен танысты. Айта кету керек, бұл Қазақстандағы осындай өнімді шығаратын жалғыз кәсіпорын. Кәсіпорында 726 жұмыс орны ашылған, өнімдер ішкі және сыртқы нарықтарға жеткізіледі.

Сапар қорытындысы бойынша инвесторлармен жұмыс істеп ғана қоймай, елге инвестиция тартумен айналысатын мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өзара іс-қимылының тиімділігін жақсарту бойынша басқа да іс-әрекеттер тізбегі анықталды.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге