Баспасөз релиздері

ҚР инвестициялық мүмкіндіктері «Beijing-Tianjin-Hebei International Investment and Trade Fair 2021» форумында таныстырылды

ҚР инвестициялық мүмкіндіктері «Beijing-Tianjin-Hebei International Investment and Trade Fair 2021» форумында таныстырылды

Жыл сайынғы «Beijing-Tianjin-Hebei International Investment and Trade Fair 2021» форумы аясында Хэбэй провинциясының Ханьдан қаласында Қазақстан Республикасының инвестициялық әлеуетін таныстыру бойынша арнайы сессия өтті. Іс – шара Қазақстанның Қытайдағы Елшілігінің, KAZAKH INVEST ұлттық компаниясы өкілдігінің, сондай-ақ Хэбэй провинциясының "China Council for Promotion of International Trade" (бұдан әрі-CCPIT) бірлескен күшімен ұйымдастырылды.

Сессияның ашылуында «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Жандос Темірғали, сондай-ақ ҚР-ның ҚХР-дағы экономика жөніндегі Елшілігінің кеңесшісі Сұлтанғали Кинжакулов сөз сөйледі.

Қазақстандағы іскерлік ахуал, оның инвестициялық мүмкіндіктері мен экономиканың басым салалары туралы, сондай-ақ Қытай компанияларына инвестициялық жобаларды мемлекеттік қолдау шаралары туралы ҚХР-дағы «KAZAKH INVEST» Бас өкілі Қуаныш Амантай толығырақ айтып берді.


Сондай-ақ онлайн форматта KAZAKH INVEST жобалық менеджерлері сессия қатысушыларына елдің агроөнеркәсіптік және тау-кен металлургия секторларының инвестициялық әлеуетін таныстырды.

Сонымен қатар, сессияда «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ өкілдігінің басшысы Искандер Байтасов Қордың қызметі мен бірлескен инвестициялық ынтымақтастықтың әлеуетті бағыттарын таныстырды.

Іс-шара қорытындысы бойынша CCPIT басшылығы ҚР-ҚХР сауда-инвестициялық ынтымақтастық бойынша ынтымақтастығының жоғары серпінін атап өтті.

Өз кезегінде ҚХР бизнес-топтарының өкілдері Хэбэй провинциясы мен Қазақстан арасындағы инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі дамыту жолдары туралы өз пайымдарын ұсынды, сондай-ақ металлургия, көлік және логистика, машина жасау және ЖЭК сияқты салаларда бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыруға қызығушылық танытты.

Анықтама: «Beijing-Tianjin-Hebei International Investment and Trade Fair 2021» форумын Хэбэй провинциясының Халық Үкіметі, Хэбэй провинциясының CCPIT және Пекин, Тяньцзинь қалаларының және Ханьдань қаласының (Хэбэй провинциясы) Халық Үкіметі өткізеді. Форумның міндеті Сюньань жаңа ауданын дамыту және 2022 жылы Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарына дайындық мәселелері бойынша өзара іс-қимылды талқылау және жолға қою болып табылады.


Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге