Баспасөз релиздері

Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері Польшаның бизнесмендеріне ұсынылды

Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері Польшаның бизнесмендеріне ұсынылды

Варшавадағы ҚР Елшілігі «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ, Кельцтегі Көрме орталығы және Польша-Қазақстан сауда-өндірістік палатасымен бірлесіп, «Қазақстан-үлкен мүмкіндіктері бар ел» тақырыбында онлайн - вебинар өткізді. 

Іс-шарада ҚР Польшадағы елшісі Әлім Қирабаев, ҚР СІМ Инвестициялар комитеті төрағасының орынбасары Ардақ Зебешев, Польша-Қазақстан Сауда-өнеркәсіп палатасының президенті П.Гузовский және «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ жобалау менеджері Алтынай Мұқанова баяндама жасады. 

Польша қауымы екіжақты сауда-инвестициялық ынтымақтастықтың қазіргі жағдайымен және даму перспективаларымен, Мемлекет Басшысы Жолдауының негізгі тезистерімен және ҚР Үкіметі жаңа жағдайда халық пен бизнесті қолдау бойынша қабылдап жатқан шаралармен таныстырылды. 

Баяндамаларда геостратегиялық жағдай, транзиттік және логистикалық әлеует, бай ресурстық база, халықаралық сауда және инвестициялық келісімдер, сондай-ақ негізгі әлемдік нарықтарға қолжетімділік сияқты ҚР инвестициялық артықшылықтары туралы атап өтілді.

Польшаның жекелеген компанияларының өтініші бойынша елімізде фармацевтика саласына арналған мемлекеттік қолдау шаралары жөнінде толығырақ ақпарат ұсынылды. 

Польша қатысушылары Қазақстандағы бизнес және инвестициялық ахуалды жетілдіру жөніндегі шараларды жоғары бағалады және ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға қызығушылық танытты.

 

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге