Баспасөз релиздері

«KAZAKH INVEST» Ұлттық Компаниясының Басшысы АҚШ Миссиясы Басшысының Орынбасарымен кездесті

«KAZAKH INVEST» Ұлттық Компаниясының Басшысы АҚШ Миссиясы Басшысының Орынбасарымен кездесті

21 қыркүйекте Астана қаласында «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Сапарбек Тұяқбаевтың ҚР-дағы Америка Құрама Штаттары Миссиясы Басшысының Орынбасары Теодор Лингпен екі жақты кездесуі болды. Кездесу барысында тараптар Нью-Йорк қаласында болатын инвестициялық конференцияны ұйымдастыру және америкалық команиялардың сауда миссиясының сапары шеңберінде өзара іс-қимылды талқылады.

«KAZAKH INVEST» басшысы Сапарбек Тұяқбаев АҚШ инвестицияларды тату үшін 11 басымды елдердің тізіміне кіреді деп атап өтті. Биылғы жылдың қаңтарында Елбасының Америка Құрама Штаттарына ресми сапарының шеңберінде ғана Қазақстан жалпы сомасы шамамен 6.7 миллиард АҚШ долларына америкалық тараппен 27 құжатқа қол қойды. Өз кезегінде «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ жұмысында осы сәтте жалпы сомасы 4.1 миллиард АҚШ долларына жуық 20 жоба бар.

2018 жылдың 4 қазан айында Нью-Йорк қаласында өтетін Инвестициялық Конференцияда ірі америкалық компаниялардың 250 басшысы, сондай-ақ қазақстандық және америкалық тараптарынан мемлекеттік органдардың өкілдері қатысады деп жоспарлануда. Қазақстандық делегацияны ҚР Премьер-Министрінің Бірінші Орынбасары Асқар Мамин басқарады. 

Америкалық тараптың жауап сапары 2018 жылдың 24-25 қазан айында болады. АҚШ Сауда миссиясы Астана және Алматы қалаларына бас бұрады. Энергетика, ауыл шаруашылығы, инфрақұрылым және экологиялық шешімдер сияқты, осындай экономика салаларын білдіретін 15-20 америкалық компаниялардың қатысуы күтілуде.

Кездесудің нәтижелері бойынша диалогтың қатысушылары болатын іс-шараларды табысты өткізуде сенімділік білдірді және Қазақстан Республикасы мен АҚШ-тың арасындағы экономикалық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуда қызығушылықты атап өтті.


Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге