Баспасөз релиздері

«KAZAKH INVEST» Ұлттық Компаниясының басшысы Катар Мемлекетінің ірі жекеменшік холдингінің төрағасымен кездесті

«KAZAKH INVEST» Ұлттық Компаниясының басшысы Катар Мемлекетінің ірі жекеменшік холдингінің төрағасымен кездесті

13 желтоқсан күні Астана қаласында «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Сапарбек Тұяқбаев пен «Protocol Capital» Басқарма Төрағасы Ахмадом Аль Джуфайри арасындағы екі жақты кездесу өтті. Кездесу барысында тараптар одан арғы ынтымақтастық және катарлық бизнесмендердің Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық қызметті жүзеге асыруының болашағын талқылады.  

Кездесу кезінде Сапарбек Тұяқбаев кездесуге қатысушыларға Қазақстанның инвестициялық климатының бәсекелестік басымдығын, мемлекеттік қолдау шараларын презентациялап, сонымен қатар Астана мен Алматының архитектуралық көркін жетілдіру тұрғысындағы жоспармен таныстырды.

«Protocol Capital» холдингінің өкілдері, өз кезегінде, Қазақстанды өңірде инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін әлеуетті объект ретінде қарастыратындықтарын атап өтті және құрылыс пен энергетика, мейманханалық және туристік бизнес саласындағы жобаларға, сонымен қатар ірі инфрақұрылымдық және өнеркәсіптік нысандардың құрылысын салуға қызығушылықтарын танытты.     

Диалогқа қатысушылар ынтымақтастықты дамыту үшін және катарлық компаниялардың қазақстандық нарыққа шығуы үшін үлкен әлеует бар екендігін атады, ал бұл бірлескен кәсіпорындар мен инвестиция ашуды білдіреді. Кездесу қорытындысында диалогқа қатысушылар бұдан әріде өзара пайдалы ынтымақтастыққа сенім білдірді.

         Ақпараттық анықтама:

«Protocol Capital» - Катар Мемлекетіндегі елдің экономикасы мен инфрақұрылымының дамуында маңызды рөл ойнайтын ірі жекеменшік компания, сонымен қатар Таяу Шығыстағы жетекші және беделді коммерциялық құрылымдардың бірі. Бұл холдингтің АҚШ-тың және бірқатар еуропалық елдердің іскерлік ортасындағы маңыздылығын да атап өту қажет.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге