Баспасөз релиздері

KAZAKH INVEST» Ұлттық компаниясының басшысы ГФР Төтенше және өкілетті елшісімен кездесті

KAZAKH INVEST» Ұлттық компаниясының басшысы ГФР Төтенше және өкілетті елшісімен кездесті

7 қараша күні Астана қаласында «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Сапарбек Тұяқбаев және ГФР Төтенше және өкілетті елшісі Тило Клиннер арасында екі жақты кездесу өтті. Кездесу барысында тараптар Қазақстанның басым экономика салаларына неміс инвестициясын тарту шеңберіндегі өзара әрекеттестікті талқылады.

Кездесу барысында «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ басшысы Сапарбек Тұяқбаев Германияның инвестиция тартатын, оның ішінде, тағам өнеркәсібі саласында 11 басым мемлекеттің тізіміне енетінін айтып кетті. Бүгінгі таңда «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ құс етін, сиыр еті өңдеу, балаларға арналған тағамдар және тәттілер салалары бойынша жобалар тизерлері жұмыс жасауда. Аталған жобаларды жүзеге асыру үшін компания неміс бизнесмендеріне отандық кәсіпкерлер тұлғасында тиімді серіктестерді ұсынуға дайын. Төраға Қазақстанның инвесторларға ауқымды сыртқы нарыққа қол жетімділік беретінін айтты. Мысалы, көршілес Қытай жыл сайын 7 миллион тонна ет импорттайды. Бұл Қазақстанда өндірілген ет өнімдерін өткізудің әлеуетті нарығы өз кезегінде көп мөлшердегі шикізатқа ие болып отыр.

«KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Төрағасы Қазақстанның даму банкінің және «Қазақ Экспорт» Ұлттық компаниясының қаражатын экспортқа бағдарланған инвесторларды тарту үшін пайдалануды ұсынды және әрекеттегі инвесторларға аймақтардағы жұмыстарына көмек көрсетуге дайындығын білдірді.

Тараптар металлургия, машина жасау, химия өнеркәсібі салаларында және инфрақұрылымдық жобалар бойынша алдағы серіктестік мүмкіндіктерін қарастырды. Қазақстанға неміс бизнесін мемлекеттік-жеке меншік серіктестік жобаларына және PWC және Deloitte компаниялары дайындаған инфрақұрылымға тарту жоспарланған.

Кездесу қорытындылары бойынша қатысушылар алдағы өтетін екі жақты іс-шараларды, оның ішінде, Франкфурт на Майне қ. инвестициялық конференция (23 қараша) және Қазақстан-Германия Іскерлік кеңесін (7 желтоқсан) ұйымдастыру мәселелерін талқылады.

 

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге