Баспасөз релиздері

Ауыл шаруашылығы Министрлігінің басшысы қазақстанның аграрлық секторының инвестициялық артықшылығы туралы мәлімдеді

Ауыл шаруашылығы Министрлігінің басшысы қазақстанның аграрлық секторының инвестициялық артықшылығы туралы мәлімдеді

Қазақстанның агроөнеркәсіптік секторы шетелдік инвестицияларды тартудың перспективалық алаңы болып табылады. Бүгін «Агроөнеркәсіп: жаңа Жібек жолында азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету» атты дөңгелек үстел аясында Премьер-Министрдің орынбасары және Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешеніне инвестиция салудың негізгі артықшылықтары туралы баяндады.

Біріншіден, бұл табиғи жайылымдардың болуы - 180 миллион гектар, ағымдағы жүктемесі тек 25-30% құрайды. Бұдан басқа, ауыспалы егісте тұрақты жемшөпті өсіруге арналған қосымша суаруға арналған су ресурстар көлемі тағы екі миллион гектарды құрайды.

Екіншіден, бұл еңбек ресурстарының қолжетімділігі, себебі Қазақстан халқының 45% ауылдық жерлерде тұрады. 

Үшіншіден, инвестициялық қызметті қолдау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі арнайы салық және кедендік режимді әзірледі, оның ішінде 10 жылға дейінгі мерзімге корпоративтік салықтан босату, мүліктік салықты 8 жылға дейін төлеуден босатылу, әкелінген жабдыққа және шикізатқа салынатын кедендік баж салығынан босатылу.

Төртiншiден, сатылым құны жоғары және әлемдiк нарықта сұранысқа ие органикалық өнiмдердi өндiру мүмкiндiгiн бөлек атап өткен жөн. Бұл артықшылық, бірінші кезекте, біздің жерімізде минералды тыңайтқыштарды, пестицидтер мен гербицидтерді пайдаланудың тарихи деңгейінің төмендігіне байланысты. 

«Біз Қазақстанда толыққанды органикалық өндіріс жүйесін құру үшін нормативтік базаны әзірледік – заң және барлық заң жобалары әзірленді, қазір сертификаттау жүйесін құру және фермерлерді оқыту бойынша жұмыстар жүргізілуде» - деді Шөкеев.

Бесіншіден, мемлекеттік қолдау.

Вице-премьер Қазақстанда егжей-тегжейлері қазақ және шетелдік инвесторларға қол жетімді, 2017-2021 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылық кешенін дамытуға байланысты мемлекеттік бағдарлама жасалғандығын еске салды. 

«Агроөнеркәсіптік кешеннің мемлекеттік бағдарламасынан басқа Қазақстанда жобалардың инфрақұрылымын дамытуға бағытталған бірқатар жобалар жүзеге асырылуда, олардың қатарында «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы, «Нұрлы Жол» инфрақұрылымын дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламасы, сондай-ақ негізгі мақсаты экспортқа бағдарланған жоғары технологиялық өндірістерді құру болып табылатын индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы» - деді Ауыл шаруашылығы министрлігінің басшысы. 

«Алтыншыдан, бұл инвесторларға арналған экспорттық мүмкіндіктер» – деп жалғастырды ол. «Қазақстан Еуразияның жүрегінде, Еуропа мен Қытай арасында орналасқан. 

Орналасуына байланысты Қазақстанда бірқатар ірі инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асуда: Қытай шекарасындағы Қорғас порты, Каспий теңізіндегі Ақтау порты, «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізі дамып жатыр. Оған қоса, нарық көлемі 180 миллионға жуық адамды құрайтын Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одаққа қосылуы инвесторлар үшін республика аумағында инвестициялық жобаларды тиімді іске асыру үшін қосымша мүмкіндіктер ашады. Инвесторлар өз өнімдерін Ресейдің, Беларусьтің, Қырғызстанның және Арменияның нарықтарына еркін жеткізе алады» - деп түйіндеді Ө.Шөкеев.

Анықтама:
The Kazakhstan Global Investment Roundtable (KGIR) - бұл 600-ге жуық ұйымның шақыру бойынша жиналған кездесуі, атап айтқанда халықаралық және қазақстандық коммерциялық және қаржылық басшыларының, инвесторлардың, пікір қайраткерлерінің және халықаралық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінің бірегей жиналысы. Бұл форум Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың бастауымен экономикалық даму үшін жауапты мемлекеттік органдардың өкілдерінің қатысуымен құрылған.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге