Баспасөз релиздері

«Kazakh Invest» басшысы Алматы қаласында бірқатар кездесулер өткізді

«Kazakh Invest» басшысы Алматы қаласында бірқатар кездесулер өткізді

Жұмыс сапары барысында «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ басқармасының төрағасы Сапарбек Тұяқбаев Швейцарияның іскерлік ортасының өкілдерімен және Алматы қ. ірі кәсіпкерлерімен бірқатар екіжақты кездесулер өткізді, сонымен қатар Швейцарияның федералдық кеңесшісі Йоханн Шнайдер-Аманнмен және Алматы қ. әкімі Бауыржан Байбекпен кездесті.

Алматы қ. әкімі Б. Байбектің қатысуымен өткен Швейцария делегациясы өкілдерімен G2G кездесуі кезінде тараптар инвестициялық және сауда-экономикалық салалардағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.  Бұдан басқа, Сапарек Тұяқбаевтың «Economiesuisse» компаниясы Атқарушы кеңесінің төрағасы және мүшесі Хайнц Каррермен және Ян Аттесландермен, «АВВ» компаниясының қоғаммен байланыс жөніндегі тобының басшысы Курт Лётчермен, «Swiss Medical Network» медициналық клиникалар желісі Директорлар кеңесінің төрағасы Раймон Лоретанмен екіжақты кездесулері өткізілді. Швейцариялық бизнес өкілдері Қазақстанның инвестициялық жобаларына жоғары қызығушылық білдірді.

Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесімен және «Astana Group», «Forum Eurasia», «Ordabasy Group», «Агро-Инвест Қаратал», «Авиациялық технологиялардың Еуразиялық Орталығы», «Ahsel Holding» компанияларымен кездесу қорытындысы бойынша, инвестиция қажет етілетін бірқатар ықтимал жобалар айқындалды.  Бұдан арғы пысықтауды және қолдауды «KAZAKH INVEST» қызметкерлері жүзеге асыратын болады.

Сапар барысында сонымен қатар Корея Елшілігінің, Корея Денсаулық сақтау министрлігінің, KOTRA өкілдерімен және Korean Medical Center, Medical Partners Korea, Chung Yean Medical Institute  басшылығымен кездесулер өтті. Бұл кореялық компаниялардың Алматы қаласында денсаулық сақтау саласындағы бірқатар жобалары бар да. Қалада медициналық туризмді дамыту мақсаттарында әлемдік деңгейдегі ірі диагностикалық орталық құру туралы келісушілікке қол жеткізілді. Жобаны жүзеге асыру үшін «KAZAKH INVEST» жергілікті ықтимал әріптестерді іріктеп, шорт-парақтар құрады.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге