Баспасөз релиздері

Қазақстандағы жаңа жобаларға Францияның «Alstom» компаниясы 50 млн еуродан астам инвестиция салуды жоспарлап отыр

Қазақстандағы жаңа жобаларға Францияның «Alstom» компаниясы 50 млн еуродан астам инвестиция салуды жоспарлап отыр

Қазақстан Республикасының Француз Республикасындағы Елшілігінің және «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ қолдауымен Нұр-сұлтан қаласында «Alstom» (Франция) машина жасау концерні басшылығының сапары өтуде.

«KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ кеңсесінде «Alstom» компаниясының Африка, Таяу Шығыс және Орталық Азия елдері бойынша президенті Эндрю Делеонимен Басқарма төрағасы Мейіржан Юсупов кездесті. Тараптар Қазақстандағы француз компаниясының қызметін кеңейту мәселелерін талқылады.


Эндрю Делеони сапарының негізгі мақсаты елімізге одан әрі инвестиция салу мақсатында әлеуетті мүмкіндіктерді талқылау болып табылады. Компания Қазақстан аймақтарында локомотивтерге қызмет көрсететін сервистік орталықтар құруды көздеп отыр. Бұл жобаларға «Alstom» компаниясы бұған дейін еліміздің экономикасына салынған 127 млн еуроға қосымша 50 млн еуродан астам инвестиция салуды жоспарлап отыр.

«10 жыл ішінде компания өндірістік қуаттарды ұлғайту арқасында Қазақстандағы өзінің қатысуын бірнеше есеге кеңейтті. Нәтижесінде бүгінде «Alstom» локомотивтердің барлық негізгі компоненттерін өндіреді. Олардың ішінде арба, шанақ, тартқыш трансформатор, сондай-ақ тартқыш блоктар бар. Келесі кезеңде біз Қазақстан өңірлерінде локомотивтерге арналған сервистік орталықтар салу арқылы қайта инвестициялауды жүзеге асыруға ниеттіміз», - деді Эндрю Делеони.


Сонымен қатар, «Alstom» жоспарында жаңа жұмыс орындарын құру және жергілікті персоналдың құзыреттілігін үздіксіз арттыру бар. Естеріңізге сала кетейік, Қазақстандағы компания қызметкерлерінің саны 1000 адамнан асады.

«2021 жылдан бастап Қазақстанда ірі жобалар аясында инвесторлардың Үкіметпен тікелей инвестициялар туралы келісім жасасуға мүмкіндігі бар. Бұл құрал инвесторларға кеңейтілген преференциялар пакетін ұсынады. Келісім үшін 25 жыл мерзімге заңнаманың тұрақтылығы қарастырылған», - деп атап өтті Мейіржан Юсупов.

Француз инвесторларының пікірінше, жаңа уағдаластықтар компанияның ҚР-да одан әрі болуы үшін берік платформа құрады және машина жасау секторының басқа да ірі ойыншылары үшін оң сигнал болады.  

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда компания екі ірі жобаны жүзеге асырды – электровоздар, сондай-ақ бағыттамалы электр жетектері мен сигналдық жабдықтар өндірісі.

Анықтама: Alstom – франциялық машина жасау компаниясы, энергетикалық жабдықтар мен теміржол көлігі (локомотивтер, жоғары жылдамдықты электр пойыздары, трамвайлар) өндірісіндегі әлемдік көшбасшылардың бірі. Компания 1928 жылы құрылған. Alstomның жылдық айналымы 2021 жылы шамамен 15,1 млрд еуроны құрады.


Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге