Баспасөз релиздері

Француздық TotalEnergies Қазақстан Үкіметімен Инвестициялық келісім жасасты

Француздық TotalEnergies Қазақстан Үкіметімен Инвестициялық келісім жасасты

Мемлекет басшысының БАӘ-ге сапары аясында 1 ГВт қуаты бар жел электр станциясын дамыту, салу және пайдалану жөніндегі TotalEnergies жобасын іске асыру үшін Қазақстан Республикасының Үкіметімен инвестициялық келісімге қол қойылды. «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ қолдауымен жүзеге асырылатын жобаның құны 1,3 миллиард доллардан асып, 250 тұрақты жұмыс орны құрылады. Жобаны жүзеге асыруға «Самұрық-Қазына» АҚ мен «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ қатысады.

Жобаны Жамбыл облысы Мирный ауылы ауданында қуаттылығы 300 мегаватт/600 мегаватт аккумуляторлық энергияны сақтау жүйесін пайдалана отырып жүзеге асыру жоспарлануда. Құжатта көзделген шараларға инновациялық шешімдерді ілгерілету, жел энергетикасы технологияларын дамыту, электр станциясының тұрақты жұмысын қамтамасыз ету кіреді. Ынтымақтастық Қазақстан Республикасының Үкіметі мен француздық серіктестер арасында жаңартылатын энергия саласындағы озық тәжірибе алмасуды көздейді және таза энергия саласындағы заманауи және тиімді шешімдерді енгізуге, сондай-ақ жаһандық жылынуға қарсы күреске ықпал етеді.

photo1701684958.jpeg

«KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Жобалар жетекшісі Динара Исабекова Инвестициялық келісім тек Үкіметтің инвестор алдындағы міндеттемелерін ғана емес, сонымен қатар осы жобаны жүзеге асыру аясында инвестордың өзара міндеттемелерін де қамтитынын атап өтті.

«Инвестициялау тек экономикалық пайда туралы ғана емес; Адами капиталды инвестициялау да маңызды. Инвестордың әлеуметтік міндеттемелерін Инвестициялық келісім контекстіне қосу – жай бизнес-стратегия емес, бүкіл қоғамның ілгерілеуіне қолайлы жағдай жасау міндеттемесі», – деп атап өтті Д.Исабекова.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге