Баспасөз релиздері

Қытайдың Жібек жолы қоры Қазақстанға инвестиция салуға дайын

Қытайдың Жібек жолы қоры Қазақстанға инвестиция салуға дайын

Астанаға Қор президенті Цай Сюэцзюнь бастаған Қытай Жібек жолы қорының делегациясы келді. Сапар барысында компания басшылығы «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Мейіржан Юсуповпен кездесу өткізді. Кездесуде тараптар қытайлық компаниялардың қатысуымен бірқатар салалардағы, соның ішінде «Бір белдеу, бір жол» бағдарламасы аясында қазақстандық жобаларға инвестиция салу мүмкіндігін талқылады.

Жібек жолы қоры – Қытай өнімдерінің сатылуын ынталандыру үшін Жаңа Жібек жолы мен Теңіз Жібек жолы бойындағы елдердегі инфрақұрылымдық жобаларға ірі инвестициялар салуға маманданған қытайлық инвестициялық қор. Қордың жалпы капиталдандыруы 40 миллиард доллардан асады.

1.jpg

Қор президенті Цай Сюэцзюнь көлік бағыттарын дамытудағы Қазақстан-Қытай ынтымақтастығы екі тарап үшін де стратегиялық маңызды екенін атап өтті. Ол екі елдің сауда әлеуетін дамыту үшін Қазақстандағы инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға қаржы бөлуге дайын екенін білдірді.

3.jpg

«KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Мейіржан Юсупов Қазақстан мен Қытайдың жан-жақты стратегиялық әріптестік қарым-қатынасы белсенді дамып, тату көршілік қарым-қатынасты нығайтып келе жатқанын ерекше атап өтті. Оның айтуынша, көлік-логистика саласындағы жобаларды жүзеге асыру екі елге тауарларды ТМД елдері мен Еуропалық Одақ нарығына жеткізу үдерісін айтарлықтай жеделдетуге мүмкіндік береді. Қорытындылай келе, ол делегацияны алдағы уақытта жүзеге асыру жоспарланған және әлеуетті инвесторларды қызықтыруы мүмкін жобалармен таныстырды.

Тараптар Қытай мен Қазақстан арасындағы экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін энергетика, технология және өңдеу өнеркәсібі сияқты басқа салаларға бірлескен инвестиция салу перспективаларын да талқылады.
 

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге