Баспасөз релиздері

Мысыр бизнесі қазақстандық серіктестермен қарым қатынасты кеңейтуге мүдделі

Мысыр бизнесі қазақстандық серіктестермен қарым қатынасты кеңейтуге мүдделі

Қазақстан Республикасының Мысыр Араб Республикасындағы Елшілігі мен «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Каир қаласында халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Бизнес кеңеске кіретін ірі мысырлық компаниялардың қатысуымен дөңгелек үстел өткізді. Іс-шара барысында қатысушылар Қазақстан мен Мысырдың сауда және инвестициялық мүмкіндіктерін талқылады, сондай-ақ «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ мен «Egyptian Business Council for International Cooperation» арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

Қазақстанның Мысырдағы Елшісі Қайрат Лама Шариф Мысыр барлық араб елдерінің ішіндегі ең ірі экономикалардың үштігіне кіретінін және Қазақстанмен сауда-экономикалық өзара іс-қимылды арттыру үшін жоғары әлеуетке ие екенін атап өтті. Ол көптеген қазақстандық дайын тамақ өнімдерін өндірушілер 105 млн адамнан астам халқы бар Мысыр нарығына шығуға мүдделі екенін атап өтті.

Елші өз сөзінде елдің инвестициялық тартымдылығы туралы айтып, мысырлық компанияларды мемлекет Басшысының «әділ Қазақстанның экономикалық бағыты» атты халыққа Жолдауында айтылған негізгі бағыттар туралы хабардар ете отырып, Қазақстан кәсіпорындарымен ынтымақтастықты кеңейтуге шақырды.

«KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ араб елдеріндегі шетелдік өкілі Құрманғали Аманқосов Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктерін таныстырып, инвестициялық жобаларды мемлекеттік қолдаудың қолданыстағы шаралары мен инвесторлардың құқықтарын қорғау тетіктері туралы айтып берді.

Сонымен қатар, іс-шара аясында Raslan Group, Zaher Group, Tawoos Clinic, Daltex Corp сияқты компаниялармен бірқатар екіжақты кездесулер өткізіліп, ауыл шаруашылығы, ТМК, туризм, медицина және экономиканың басқа да салаларындағы кооперация жолдары талқыланған.

Іс-шара қорытындысы бойынша Тараптар 2024 жылы Мысырлық бизнес-миссияның Қазақстанға сапары туралы уағдаласты.

photo1712236502.jpeg

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге