Баспасөз релиздері

CHN Energy Қазақстандағы алдағы инвестициялық қызметті талқылады

CHN Energy Қазақстандағы алдағы инвестициялық қызметті талқылады

«KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Ержан Елекеев қытайлық «CHN Energy» компаниясының басшылығымен кездесу өткізді, оның барысында тараптар Қазақстанда көмір химия зауытын салу жөніндегі инвестициялық жобаны іске асыруды талқылады.

Осы жылдың қыркүйек айының басында CHN Energy техникалық делегациясы ынтымақтастық мүмкіндіктерін зерттеу үшін Қазақстанға келді. Сапар барысында компания делегациясы көмір өндіретін өңірлердің әлеуетін бағалау үшін үш көмір кен орнына барды. Бұдан әрі ағымдағы жылдың қараша айында жаһандық инвестициялар жөніндегі Қазақстандық дөңгелек үстелдің (KGIR-2024) алаңында ҚР өнеркәсіп және құрылыс министрлігі, KAZAKH INVEST және CHN Energy $4 млрд сомасына көмір-химия өнімдерін өндіру жөніндегі жобаны іске асыру туралы келісімге қол қойды.

Кездесу барысында Қытай өкілдері қол жеткізілген уағдаластық шеңберінде бірлескен жұмыстың алғашқы нәтижелерімен бөлісті. Осылайша, компания Астана қаласында өкілдік ашуға шешім қабылдады.

«Қазақстандағы көмірдің қомақты қорларын және көмір энергиясын өндіруден біртіндеп бас тартуды ескере отырып, көмір саласын дамытудың жаңа стратегиясы қажет. Оның негізгі элементі көмір химиясына көшу болады, бұл саланың өсуі мен трансформациясы үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Қазіргі уақытта Қазақстанда көмірден өндірілген өнімнің үлесі небәрі 3% құрайды. Алайда, алдын-ала есептеулер көрсеткендей, саланың пайдаланылмаған әлеуеті $25 млрд жетеді. Бұл инвестициялар мен ынтымақтастық үшін айтарлықтай мүмкіндіктерді көрсетеді. Біздің қолдауымызбен Сіздің компанияңыз Қазақстандағы алғашқы көмір химиясы жобасын тиімді іске асыру үшін басым міндеттерді анықтай алады деп үміттенемін, бұл саланың жедел дамуына ықпал етеді және Қытайға, Орталық Азия мен Еуропаға көмір химиясы өнімдерінің экспортын жолға қоюға мүмкіндік береді», – деп атап өтті Е. Елекеев.


CHN Energy өкілдері көмір-химия жобасын іске асыру неғұрлым белсенді кезеңге жеткеннен кейін ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын, соның ішінде жаңартылатын энергия көздері станциялары мен газ-химия кешендерін салуды қарастыруға дайын екендіктерін білдірді. Кездесу соңында тараптар жобаны іске асыру және инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі нығайту бойынша белсенді жұмысты жалғастыруға келісті.

Анықтама:

Компания Қытайдағы көмір химиясы өнеркәсібін дамытудағы көшбасшы-ізашар және көмір өндіру және өңдеу, сондай-ақ жылу және жел энергиясын өндіру бойынша әлемдегі ең ірі компаниялардың бірі болып табылады. CHN Energy шетелдік активтері Оңтүстік Африка, Австралия, Индонезия, Греция және Германияда орналасқан. Компания жылдық өндірістік қуаты 685 миллион тонна болатын 97 көмір шахтасын басқарады. CHN Energy-де көмірді сұйылту бойынша 28 кәсіпорын бар, олар шикізатты жылына 5,26 миллион тонна өндіретін сұйық отынға және жылына 3,93 миллион тонна өндіретін олефиндерге айналдырады.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге