Баспасөз релиздері

Қытайлық компания вольфрам кендерін игеру жобасын жүзеге асыруда

Қытайлық компания вольфрам кендерін игеру жобасын жүзеге асыруда

«KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ жобалар департаментінің директоры Бауыржан Айтқұлов Цзянси провинциясы Табиғи ресурстар департаменті бөлімшесінің және «Jiaxin International Resources Investment Ltd.» компаниясының өкілдерімен кездесті.  Тараптар KAZAKH INVEST қолдауымен іске асырылып жатқан Алматы облысындағы «Богуты» вольфрам кен орындарын өнеркәсіптік игеру» жобасының іске асырылу барысын талқылады.

Ағымдағы жылдың қараша айында $350 млн сомасына жоба пайдалануға беріледі депкүтілуде. Жобаны іске асыру шамамен 1000 жұмысорнын ашады, ал өндіріс қуаты жылына 3,3 мыңтоннадан астам кенді құрайды және кейінірек 15 мыңтонна 65% вольфрам концентратын өндіру жоспарлануда.

Кездесу барысында Департамент Бас директорының орынбасары Джанг Лонгфей KAZAKH INVEST компаниясына Богуты жобасын жүзеге асыруға көрсеткен қолдауы үшін алғысын білдірді. Ол сондай-ақ Цзянси провинциясының басқа компанияларының тау-кен жобаларына инвестиция салуға және Қазақстанда өз қызметін дамытуға дайын екендігін атап өтті.

Өз кезегінде Б.Айтқұлов KAZAKH INVEST Қазақстанда жобаларды іске асыруда Цзянси провинциясындағы қытайлық компанияларға толық қолдау көрсетуге дайын екенін, сондай-ақ инвесторларға ұлттық компанияның инвестициялық жобалар пулынан перспективалы тау-кен жобалары бойынша қажетті ақпараттарымен таныстырды.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге