Баспасөз релиздері

Қытай компаниясы ағашты терең өңдеу жобасын жүзеге асыруды жоспарлап отыр

Қытай компаниясы ағашты терең өңдеу жобасын жүзеге асыруды жоспарлап отыр

«KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ алаңында ҚР СІМ Инвестициялар комитетінің Төрағасы Ғабидолла Оспанқұлов «Xinjiang Hongshi Zhongyuan Trading Co., Ltd» компаниясының басшылығымен кездесу өткізді. Кездесу барысында тараптар Қазақстанда инвестициялық жобаны іске асыру жоспарын талқылады. Компания өртенген ағашты терең өңдеу өндірісін салу мүмкіндігін қарастыруда. 

Өртенген ағашты терең өңдеу – бұл өрттер немесе термиялық өңдеу нәтижесінде пайда болатын көмір мен көмірленген қалдықтарды тиімді пайдалануға бағытталған процесс. Мұндай технологиялар қалдықтарды азайтуға, материалдан пайдалы заттар мен энергия алуға, сондай-ақ экологиялық зиянды азайтуға мүмкіндік береді. Өңдеудің негізгі бағыттарына белсендірілген көмір өндіру, пиролиз арқылы био-көмір алу, құнды химиялық қосылыстарды алу, ағашты энергетикада пайдалану, сондай-ақ өнеркәсіпке арналған сорбенттер мен құрылыс материалдарына қоспалар жасау жатады. 

IMG_4847.jpg

Xinjiang Hongshi Zhongyuan Trading өкілдерінің айтуынша, өңдеу процестері ағаш қалдықтарын жоғары қосылған құны бар өнімге айналдыруға мүмкіндік береді. 

«Технологиялық қиындықтарға қарамастан, бұл сала қалдықтарды азайту, энергетикалық тиімділікті арттыру және өнеркәсіптің әртүрлі салалары үшін шикізатпен қамтамасыз ету сияқты маңызды артықшылықтарға ие. Бұл өртенген ағашты терең өңдеуді тұйық циклді экономиканың перспективалы бөлігіне айналдырады және Қазақстанда саланы дамытуға айтарлықтай мүмкіндік береді», – деп атап өтті Дин Фэн

Кездесу соңында тараптар перспективалық инвестициялық жобаны іске асыру бойынша ынтымақтастықты жалғастыруға келісті.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге