Азамат Қожанов «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасының Орынбасары болып тағайындалды
Директорлар кеңесінің шешімімен Қожанов Азамат Қадырханұлы «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды. Бұрын «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Басқарушы директоры қызметін атқарған. Үкіметпен инвестициялар туралы келісімдер аясында Task Force келіссөздер тобының жетекшісі.
2005-2009 – Сүлейман Демирел атындағы университет, Алматы қ. – Менеджмент мамандығы бойынша бакалавр.
2009-2011 – Шығыс Англия университеті (University of East Anglia), Ұлыбритания, Норвич қ. – Бизнес-менеджмент мамандығы бойынша магистр («Болашақ» бағдарламасының стипендиаты).
2012-2016 жж. халықаралық Samsung Electronics компаниясында жұмыс істеді. 8 елдің аумағындағы бизнес бағытының жетекшісі болды. Әзірбайжан, Грузия, Армения, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Моңғолиядағы бизнес операцияларға жетекшілік етті. Сондай-ақ БАӘ, Дубайдағы Джебел Али АЭА-да (Jebel Ali Free Zone) халықаралық сауда жүргізді.
2017 ж. «ASTANA» ӘКК» ҰК» АҚ-да инвестициялық жобалармен жұмыс департаментінің директоры.
2016-2019 жж. Алматы қаласында кәсіпкерлік қызметпен айналысты.
2019 жылдан қазіргі уақытқа дейін – «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ-да жұмыс істейді.
2020 жылдан бастап – «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Басқарушы директоры.
2024 жылдың сәуірінен бастап – «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасарының м.а..
Қазіргі уақытта «Хоргос – Шығыс қақпасы» АЭА, «МЦПС Хоргос» АЭА және «Jibek Joly» АЭА Директорлар кеңесінің тәуелсіз директоры.
ОЮЛ «Қазақстан Республикасының Жасыл сутегі альянсы» (Linde, AirLiquide, Svevind және т.б.) коммерциялық емес ұйымының төрағасы.
Сондай-ақ Орталық Азия және Каспий өңіріндегі мұнай-газ химиясы және мұнай өңдеу жөніндегі сарапшылық кеңестің құрметті мүшесі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің алғыс хаттары мен құрмет грамоталары (2024 ж.),
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасарының алғыс хаты (2021 ж.),
Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметінің 30 жылдығына арналған медаль (2022 ж.).