Баспасөз релиздері

Қазақстан мен Норвегия инвестициялық ынтымақтастықты нығайтуды көздейді

Қазақстан мен Норвегия инвестициялық ынтымақтастықты нығайтуды көздейді

2025 жылғы 8 сәуір күні Осло қаласында Қазақстан мен Норвегия арасындағы алғашқы Қазақстан-Норвегия іскерлік кеңесі өтті. Іс-шараның мақсаты – сауда-экономикалық ынтымақтастықты тереңдету, бизнес қауымдастықтар арасында тікелей байланыс орнату және серіктестіктің перспективалық бағыттарын талқылау.

Іс-шараға Қазақстанның Норвегия Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Әділ Тұрсынов пен Норвегияның Орталық Азия бойынша Елшісі Йон Квистад қатысты. Олар саяси диалогты нығайту мен экономикалық өзара іс-қимылды кеңейтудің маңыздылығын атап өтті.

Қазақстан тарапынан негізгі спикер ретінде «KAZAKH INVEST» ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Мадияр Султанбек сөз сөйлеп, Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктерін жан-жақты таныстырды. Ол елдегі тұрақты макроэкономикалық саясатқа, инвесторлар құқығын қорғауға, ірі нарықтарға қолжетімділікке, инвестициялық процестердің цифрландырылуына және экономиканың басым секторларына баса назар аударды.

Кеңес барысында аквамәдениет, логистика, жаңартылатын энергетика, ауыл шаруашылығы, өнімді қайта өңдеу және экспорт, экологиялық технологиялар, өнеркәсіптік қауіпсіздік және цифрлық шешімдер салаларындағы ықтимал әріптестік мәселелері қаралды.

«Қазақстан экономикасының тұрақты өсуін, ауқымды индустрияландыру бағдарламасын, дамыған көлік инфрақұрылымын және прогрессивті инвестициялық саясатын ескере отырып, еліміз Норвегиямен ұзақ мерзімді серіктестік үшін сенімді платформа болып табылады. Бұл — біздің елдер арасындағы алғашқы іс-шара, норвегиялық бизнес өкілдерімен тікелей диалогтың бастауы. Алдағы уақытта жаңа байланыстар мен кездесулер, келісімдер жүзеге асады деп сенеміз», — деді Мадияр Султанбек.

Норвегияға сапар аясында Мадияр Султанбек норвегиялық ірі компаниялармен бірқатар екіжақты кездесулер өткізді. Атап айтқанда, Cambi ASA компаниясымен қалдықтарды тұрақты қайта өңдеу және биогаз қондырғылары, Optimar компаниясымен балықты қайта өңдеу жабдықтарын жергіліктендіру, Scatec компаниясымен жаңартылатын энергия көздерін дамыту, Jotun компаниясымен лак-бояу өнеркәсібіндегі бизнесті кеңейту мүмкіндіктері, Nordic Mining ASA компаниясымен тұрақты жер қойнауын пайдалану жобалары талқыланды.

Сонымен қатар, Қазақстан шикізаты негізінде табиғи каучук өндіретін экологиялық таза өндіріс құру мәселелері бойынша Taraxa компаниясымен, институционалдық қолдау және экспорттық қаржыландыру тетіктері бойынша Innovation Norway ұйымымен келіссөздер жүргізілді.

Іскерлік кеңес Қазақстан Республикасының Норвегия Корольдігіндегі Елшілігі мен Норвегияның «East» Сауда-өнеркәсіп палатасының қолдауымен өтті және екі елдің бизнес-қауымдастықтары арасындағы экономикалық диалогты нығайтудың маңызды алаңына айналды.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге