Баспасөз релиздері

Қазақстан мен Италия 1,5 миллиард долларға құжаттарға қол қойды

Қазақстан мен Италия 1,5 миллиард долларға құжаттарға қол қойды

Ресми сапар аясында Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Рим қаласындағы "Қазақстан – Италия" инвестициялық дөңгелек үстеліне қатысты. Онда экономиканың түрлі салаларында жалпы сомасы 1,5 млрд астам бірлескен инвестициялық жобалар бойынша 18 коммерциялық келісімге қол қойылды, іс-шара ҚР СІМ, Қазақстанның Италиядағы Елшілігі және «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ қолдауымен ұйымдастырылды.

Осылайша, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ және «ENI» жалпы қуаты 247 МВт гибридті электр станциясын салудың бірлескен жобасын іске асыру жөніндегі құжатқа қол қойды. Айта кету керек, ENI – Италияның ең ірі мұнай компаниясы, Еуропалық Одақтағы екінші және әлемдегі 13-ші ірі итальяндық трансұлттық Энергетикалық компания.

«KIID» және «Cormatex» Ақтөбе қаласында жылу оқшаулағыш материалдар шығаратын зауыт салу және іске қосу бойынша консорциум құру туралы келісімге қол қойды. Дайын өнімнің бірінші партиясын 2024 жылы шығару жоспарлануда.

«Самұрық-Қазына» АҚ және Ballestra арасындағы келісім Түркістан облысында қуаттылығы жылына 800 мың тонна күкірт қышқылы зауытын салу жөніндегі жобаны іске асыру шарттары мен мерзімдерін айқындауға бағытталған. Ballestra күкірт және фосфор қышқылдарын өндіру бойынша жетекші лицензияланған мердігер болып табылады.

«АГРОФИРМА TNK» ЖШС мен Bonifiche Ferraresi арасындағы келісім органикалық дәнді дақылдар өндіру саласындағы ынтымақтастықты көздейді. Bonifiche Ferraresi-ауылшаруашылық өнімдерін өсірумен және сатумен айналысатын ең ірі итальяндық ауылшаруашылық холдингтерінің бірі.

«KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ және «Simest» бірлескен өндірістерді ашу үшін Қазақстанға итальяндық компанияларды тартудағы ынтымақтастық туралы келісті. «Simest» қауымдастығы итальяндық компанияларды қаржылық қолдаумен айналысады, олардың сыртқы нарықтарға шығуына ықпал етеді.

ҚР Көлік министрлігі «NEOS»-пен бірлесіп қол қойған келісім Астана-Рим бағыты бойынша тікелей әуе қатынасының тұрақты рейсін ашуға бағытталған. Әуе қатынасы Қазақстандықтардың Италия мен Еуроодақтың негізгі экономикалық және туристік нарықтарына қол жеткізуін едәуір жеңілдетеді және іскерлік белсенділіктің өсуіне, сауданың ұлғаюына, инвестициялық ынтымақтастықтың кеңеюіне және Қазақстанға туристік ағымды тартуға оң әсер етеді.

Осы және басқа да қол қойылған келісімдер Қазақстан мен Италия арасындағы экономикалық қатынастардың табысты дамуы мен нығаюын білдіреді.

Қол қойылған құжаттардың толық тізімі:

  1. «Самұрық-Қазына» АҚ мен «Cassa Depositi e prestiti SpA» арасындағы ынтымақтастық туралы келісім

  2. ҰК «АҚ «ҚазМұнайГаз» мен «ENI» арасындағы бірлескен түпкілікті инвестициялық шешім

  3. «Самұрық-Қазына» АҚ және «Ballestra» арасындағы жобаны іске асыру туралы келісім

  4. Қазақстанның Даму Банкі мен «SACE» арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандум

  5. «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ мен «Simest» арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандум

  6. «Атамекен», «Confindustria» және «Confindustria Kazakhstan» ҰКП арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандум

  7. «Самұрық-Энерго» АҚ мен «Ansaldo Energia SpA» арасындағы ынтымақтастық туралы келісім

  8. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ мен «ENI» арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандум

  9. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ мен «Maire Tecnimont» арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандум

  10. Қазақстанның Даму Банкі мен «SACE» арасындағы институционалдық ынтымақтастық туралы Меморандум

  11. «КазТрансГаз Аймақ» АҚ және «Pietro Fiorentini SpA» негіздемелік келісімі

  12. ҚР Көлік министрлігі мен «NEOS» арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандум

  13. «KIID» және «Cormatex» арасындағы келісім

  14. «Qyzyljar» АЭА ҚК және «PROSOL» арасындағы жобаны іске асыру туралы келісім

  15. «QazaqGaz ғылыми-техникалық орталығы» мен «Nuovo Pignone International» арасындағы өзара түсіністік туралы Меморандум

  16. «Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КЕАҚ, «Қазақстанның жасыл сутегі одағы» ЗТБ және «GREEN SPARK ITALY SRL» арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандум

  17. «АГРОФИРМА TNK» ЖШС мен «Bonifiche Ferraresi» арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандум

  18. «ҚазТрансГаз Аймақ» және «ENI» арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандум
Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге