Баспасөз релиздері

Әлихан Смайылов Ұлыбритания СІМ басшысымен кездесу өткізді

Әлихан Смайылов Ұлыбритания СІМ басшысымен кездесу өткізді

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Астанаға алғашқы ресми сапармен келген Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Сыртқы істер, достастық және даму істері жөніндегі министрі Джеймс Клеверлимен кездесу өткізді.

2_hgU6vdhAtjQtOpuVZUYTAddWfGbfOXSnTor3G6oe.jpeg

Келіссөздер барысында тараптар өзара сауда көлемін ұлғайту, инвестициялар тарту, халықаралық көлік дәліздерін дамыту, бизнесті қолдау, энергетика және білім беру салаларындағы өзара ынтымақтастық және басқа да бірқатар мәселелерді қозғады.

Премьер-Министр Ұлыбритания Қазақстанның Еуропа құрлығындағы негізгі сауда және инвестициялық серіктестерінің бірі екенін атап өтті. Мәселен, өткен жылы елдер арасындағы тауар айналымы шамамен 60%-ға өсіп,  $1,8 млрд-тан асты. Сондай-ақ Біріккен Корольдік Қазақстанның ТОП-10 инвесторының қатарына кіреді: 2005 жылдан бастап республикаға шамамен $16,5 млрд тікелей инвестиция салынды. Оң өсу  үрдісі соңғы жылдары да жалғасуда.

3_il9YtWmRjsLrXwEpvnPN3HbLcB9coL04UVaDd3yG.jpeg

«Қазақстан Үкіметі Ұлыбританиямен барлық бағыттар бойынша өзара іс-қимылды одан әрі тереңдетуге ниетті. Бұл тұрғыда Стратегиялық серіктестік пен ынтымақтастық туралы Қазақстан-Британ келісімін қабылдау маңызды қадам болмақ», — деді Әлихан Смайылов.

Ол өзара сауданы кеңейту аясында Қазақстан Ұлыбританияға 100-ден астам тауар позициясы бойынша $800 млн-ға жуық сомаға өнім экспортын ұлғайтуға дайын екенін айтты. Бұл ретте энергетика бойынша «жасыл» сутегі өндіру жөніндегі бірлескен жобаларды іске асыру, ал логистикалық салада – Транскаспий халықаралық көлік бағытын одан әрі дамыту қызығушылық тудырады.

Сонымен қатар Премьер-Министр республикада инвестициялар тарту және бизнес жүргізу үшін жағдайларды жақсарту жөніндегі жұмыс туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Атап айтқанда, ол жаңа Салық кодексін әзірлеу, кәсіпкерлерге әкімшілік жүктемені азайту және цифрландыруды енгізу жөніндегі шаралар, сондай-ақ АХҚО артықшылықтары туралы хабардар етті.

4_bATapfbO7zWNlgBvvT3M5i7pelvruYs7EH1PmFSX.jpeg

Өз кезегінде Джеймс Клеверли Қазақстан Ұлыбританияның Орталық Азиядағы маңызды сауда серіктестерінің бірі әрі Біріккен Корольдік елімізбен барлық өзара тиімді бағыттар бойынша ынтымақтастықты нығайтуға дайын екенін атап өтті.

5_ySE6f8BkmkkF7qK0vdgrWTOnYZ4ZxqxrFRoIdzS6.jpeg

«Ұлыбритания мен Қазақстан орнықты әрі берік қарым-қатынастың негізін қалады, менің ойымша, ол барынша даму әлеуетіне ие. Бұл бізге алдағы қадамдарымызды, келешекте қандай перспективалар ашылатынын талқылауға мүмкіндік береді», — деді Джеймс Клеверли.

6_OBu5RurTplGQV8E3suRy7bXN3GAqA62162rsRkW5.jpeg

Кездесу қорытындысы бойынша ҚР Премьер-Министрінің қатысуымен Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы экологиялық таза сутегі мен аса маңызды минералды шикізат дамыту саласындағы стратегиялық әріптестік туралы меморандумдарға қол қойылды.

7_eVPWlpOqiZ0pCTD60gC3q75lAnI98F3xXcb7XS8d.jpeg

Дереккозі: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге