Баспасөз релиздері

Қазақстанда ірі көлік-логистикалық компания өкілдігін ашады

Қазақстанда ірі көлік-логистикалық компания өкілдігін ашады

«KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ және Қазақстан Республикасының Чехиядағы Елшілігінің қолдауымен «TRANSCO» чех компаниясының өкілдері Қазақстанға жұмыс сапарымен келді. Нұр-Сұлтан қаласында олар «Астана» халықаралық қаржы орталығының басшылығымен және Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Алмаз Ыдырысовпен кездесті.

Сапар барысында Қазақстанда TRANSCO компанияның өкілдігін ашу туралы шешім қабылданды. TRANSCO компаниясы қазақстандық өнімді ЕО елдеріне және көршілес елдерге екі жақты жерүсті тасымалдауды іске қосу, сондай-ақ автокөліктердің кузов құрастыруын одан әрі оқшаулауды жоспарлап отыр.

Компанияның негізгі акционері және басқарушы директоры Кристиан Бухлер  өз сөзінде Ресейдегі өкілдік жабылғаннан кейін, компания үшін маңызды аймақтағы қатысуын сақтау – маңызды мақсат екенін айтты. Осыған байланысты, сапарды ұйымдастырып, қолдау көрсеткен «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ-на алғысын білдірді.

Анықтама:

Transco Süd Internationale Transporte – бас кеңсесі Германияда орналасқан жылдық айналымы 150 миллион еуродан асатын компания. Өкілдіктер Еуропаның 10 елінің 31 қаласында ашылған. Компания Шығыс және Орталық Еуропадағы көлік-логистикалық секторда жерүсті көлікпен тасымалдауды жүзеге асыратын жетекші компаниялардың бірі.

 

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге