Баспасөз релиздері

Баспасөз релиздері

Қазақстанда дымқыл майлық шығаратын зауыт іске қосылды

Қазақстанда дымқыл майлық шығаратын зауыт іске қосылды

Жобаны түрік инвесторы жүзеге асыруда. Дайын өнімді ішкі нарықпен қатар, ЕАЭО және Орталық Азия елдеріне экспорттау жоспарлануда.

Бірінші кезеңде жобаға шамамен 200 млн. теңге инвестиция салынып, 40 жұмыс орны  ашылды. Зауыттың жобалық қуаты жылына 160 000 орамнан астам майлық шығару.

"DALSAN (ДАЛСАН)" ЖШС фабрикасының өнімдері өндірістің барлық сатыларында сапаны тұрақты бақылауды қамтамасыз ете отырып, мемлекетаралық стандарттың барлық талаптарын сақтай отырып, қазіргі заманғы еуропалық жабдықта түрік технологиясы бойынша өндіріледі.

Бір реттік дымқыл майлықтар жоғары халықаралық стандарттарға сәйкес шығарылады және бактерияға қарсы әсері бар жұмсақ матадан жасалады. Өнімдер корпоративті клиенттер нарығында, дәріханаларда, клиникаларда және дүкендерде сатуға арналған.

Екінші кезеңде түрік тарапы қосымша $3-4 млн инвестиция құйып, гигиеналық мақсаттағы бұйымдар шығаратын зауыт салуды жоспарлап отыр. Бұл ретте жаңадан құрылатын жұмыс орнының санын 100-ге дейін арту көзделген.

Өндіріс "Оңтүстік" арнаулы экономикалық аймағында орналасқан. Жоба Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің, Шымкент қаласы әкімдігінің, Қазақстан Республикасының Түркиядағы Елшілігінің, "KAZAKH INVEST" ҰК" АҚ,  "Оңтүстік" АЭА қолдауымен жүзеге асырылуда.

Бүгінде Қазақстан мен Түркия арасында агроөнеркәсіп кешені және тау-кен металлургия кешені, жеңіл және химиялық өнеркәсіп, көлік және инфрақұрылым, машина жасау, денсаулық сақтау, туризм, тұрғын үй құрылысы және т.б. салаларда ынтымақтастық орныққан. 

Қазіргі уақытта Қазақстанда түрік капиталының қатысуымен 2,5 мыңға жуық кәсіпорын жұмыс істейді.

"Қазақстан тәуелсіздік жылдарында  экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз етіп, бәсекелестік жағдайлары мен тиімді эко-жүйесі бар қолайлы инвестициялық ахуал қалыптастырды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы мен Түркия арасында табысты да жоғары деңгейдегі әріптестік қарым-қатаныс қалыптасты. Былтыр Қазақстан мен Түркия арасындағы өзара сауданың $3,1 млрд-қа өсуі екі ел арасындағы сауда-инвестициялық ынтымақтастықты дамытудың жоғары қарқынының дәлелі. Сонымен қатар, соңғы үш жылда тауар айналымы $6,9 млрд жетті", - деп атап өтті ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаров нысанды іске қосу барысында.

Қазақстан Республикасының Түркиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Абзал Сапарбекұлы, сондай-ақ түрік инвесторларының жоғары қызығушылығын атап өтті. "Бауырлас Түркия Қазақстанның Тәуелсіздігін таныған алғашқы мемлекет. Жаһандық коронавирус пандемиясының халықаралық экономикалық қарым-қатынастар мен шетелдік инвесторларды тартуға барынша кедергі көрсеткендігіне қарамастан, құрылған инвестицияларды тартудың сыртқы, орталық және аймақтық үш деңгейлі жүйесі мен ортақ келісілген әрекеттер арқасында бұл бастама бүгінде сәтті жүзеге асырылды. Бұл осымен "Оңтүстік" арнайы экономикалық аймағында ашылып отырған үшінші түркиялық инвестициялық жоба болғандығын атап өтеміз. Бұдан алдың түркиялық инвесторлар "Оңтүстік" АЭА кілем мен аяқ киім өндірісін құрған болатын", - деді А.Сапарбекұлы.

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов өз кезегінде қалада қолайлы инвестициялық ахуал жасау жұмыстары туралы айтып берді. "Шымкентте өнеркәсіптің дамуына барынша қолайлы жағдай жасалуда. Қазір 2 индустриалды, 1 сауда-логистикалық және бір арнайы экономикалық аймақ жұмыс істеп тұр. Онда жалпы құны 270 миллиард теңгені құрайтын 176 жоба жүзеге асуда. 10 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны ашылған. Күні кеше агро-индустриалды аймақтың құрылысы басталды. Сондай-ақ, "Жұлдыз" индустриалды аймағын ашу да жоспарланып отыр, — деді Мұрат Әйтенов.

Қазір Алматы, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Түркістан, Жамбыл облыстарында, сондай-ақ Нұр-Сұлтан, Шымкент, Алматы қалаларында түрік кәсіпкерлерімен бірлескен  20 жоба іске асырылуда. Жобалар құрылыс және оны пайдалану, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру және қайта өңдеу, геологиялық барлау, медицина, жабдықтар өндірісі, тамақ өнеркәсібі саласында сәтті іске асырылуда.

"Біз инвесторларға көрсетілетін қызметтердің тізімі бойынша 24/7 режимінде кез келген мәселеде серіктестер мен инвесторларға көмек көрсетуге, сондай - ақ инвестициялаудан кейінгі сервистік қолдау құралдарын ұсынуға дайынбыз", - деп атап өтті Басқарма төрағасы Бауыржан Сартбаев.

Инвестор өз кезегінде кәсіпорынның жоспарымен бөлісті: "Бүгін біз арнаулы экономикалық аймақ аумағында жобаны іске қосамыз, алдағы уақытта өндіріс қуаттылығын арттырып, өткізу нарықтарын игеруге ниеттіміз. Біздің өніміміз бәсекеге қабілетті болатынына және халықтың осы өнімге деген қажеттілігін қамтамасыз ететініне сенімдіміз. Бүгінгі іске қосу жемісті бірлескен жұмыстың нәтижесі ғана емес, біз үшін ол біздің Қазақстанға келуіміздің өзіндік бастамасы болып табылады", - деп атап өтті" «Dalsan» (ДАЛСАН) ЖШС құрылтайшысы Халил Дал.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге