Баспасөз релиздері

БҚО-ға тағы 32 млрд теңге инвестиция тартылады

БҚО-ға тағы 32 млрд теңге инвестиция тартылады

19 қазанда Орал қаласында жалпы көлемі 32 млрд.теңгеден асатын инвестициялық жобалар Инвестиция тарту бойынша өңірлік кеңестің отырысында қаралды.

Кездесу барысында Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Қөлгінов ұсынылған жобалар өңір үшін маңызды екенін атап өтті. Әкімдік инвесторларға жерді, инвестициялық субсидияларды, кедендік баждарды, салық міндеттемелерін қамтамасыз ету бойынша жобаларды жүзеге асыру кезінде толық қолдау көрсетеді. Инвесторлар жерге және мүлікке салынатын салықтан босату және инвестициялық салымдардың 20%-дық қайтарымы бойынша он жылдық жеңілдіктермен қамтамасыз етіледі. Кәсіпкерлер үшін бұл мемлекет тарапынан айтарлықтай қолдау болып табылады.

Барлық жобаларды «KazakhInvest» АҚ ұлттық компаниясы қолдағандығын айта кету керек. Ұсынылған жобалардың төртеуі ауыл шаруашылығы саласы бойынша, оның үшеуі мал шаруашылығы және біреуі жылыжай кешені бойынша. Сырым және Зеленов аудандарында 3 мың бас малға арналған ірі бордақылау алаңын салу жоспарлануда. Жобаның құны 1,2 млрд. теңгені құрайды, оның 70% қарыз қаражаты және 30% «Агропродукт ЛТД» компаниясының жеке қаражаты болып табылады.

«Central Feedlot» ЖШС Зеленов ауданы, Янайкино ауылындағы бордақылау кешені үшін 5000 гектар жем базасын құруды жоспарлап отыр.. Жобаның бірінші жылында қазіргі өндірістік қуатты 4000 бастан 10 000 басқа дейін жеткізу жоспарлануда.

«WorldGreenCompany» ЖШС жылыжай кешенін салу жобасын ұсынды. Инвестиция көлемі 13 млрд. теңгені құрайды. Жобалық қуаттылығы - 4 400 тонна қияр және 3450 тонна қызанақ. Жылыжай кешенінің жеткізушісі - ауыл шаруашылық өнімдерін өнеркәсіптік өсіру бойынша көшбасшы саналатын голландиялық компания.

         Тағы екі инвестициялық жоба аймақтағы туристік кластерді дамытуға арналған. Бұл - Intercontinental Hotel Group - Holiday Inn (4 жұлдыз) халықаралық қонақ үй корпорациясының франшизасы бойынша Борлы ауданы Ақсай қаласында 108 бөлмелі қонақ үй кешенінің құрылысы.. Жергілікті «ПСП Серик» ЖШС инвесторы болып табылатын жобаның құны 3,6 млрд. теңгеден асады, оның 85% -ы инвестордың жеке қаржысы. Саябақ аумағында сонымен қатар 45 метрлік шолу дөңгелегі орнату жоспарлануда.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге