Баспасөз релиздері

Өнеркәсіп, логистика және АӨК. Инвестштаб отырысында өңірлердегі инвесторларға әлеуетті тартымды салалар талқыланды

Өнеркәсіп, логистика және АӨК. Инвестштаб отырысында өңірлердегі инвесторларға әлеуетті тартымды салалар талқыланды

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен Инвестицияларды тарту жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті.

Сыртқы істер министрлігі мен Бас прокуратураның инвестордың атқарушы билік органдарымен, қадағалау органдарымен және ұйымдармен өзара іс-қимылының ашықтығын арттыру және оңайлату жөніндегі ұсыныстары тыңдалды. Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау шеңберінде мүдделі мемлекеттік органдар мен бизнес-қоғамдастықтың қатысуымен «жасыл дәліз» тетігі әзірленуде.

Сонымен қатар Бас прокуратура АХҚО қатысушыларымен инвестициялық келісімшарттар жасасу бойынша бірқатар жүйелі ұсыныстарды айтты.

Ақмола және Ақтөбе облыстарының әкімдіктері инвестиция тарту жоспарларын таныстырды.

Жалпы жоспарланған жұмыстардың толыққанды іске асырылуын қамтамасыз ету тапсырылды. Инвестицияларды тарту үшін өңірлердің, оның ішінде өнеркәсіп, логистика және АӨК салаларындағы үлкен инвестициялық әлеуеті атап өтілді.

Сондай-ақ кеңесте жер қойнауын пайдалану және химия өнеркәсібі саласындағы жекелеген инвестициялық жобалардың проблемалық мәселелері қаралды. Талқылау қорытындысы бойынша жауапты мемлекеттік органдарға тапсырмалар берілді.

Дереккөз: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге