Баспасөз релиздері

Қазақстанда көтерме сауда көлемі 11 пайызға артты

Қазақстанда көтерме сауда көлемі 11 пайызға артты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандағы көтерме сауда көлемі алғашқы алты ай ішінде 17,6 трлн теңгеге жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ұлттық статбюроға сілтеме жасап.

2023 жылғы қаңтар-маусымда көтерме сауда көлемі 17 612,4 млрд теңгені құрады, бұл 2022 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 11,1% артық.

2023 жылғы қаңтар-маусымда республиканың көтерме саудасының жалпы көлеміндегі ең үлкен үлес Алматы (39,6%) және Астана (15,8%) қалаларына, сондай-ақ Атырау (14,9%), Қарағанды облыстарына (5,2%) тиесілі.

Меншік нысандары бойынша көтерме сауданың 62% - жеке компаниялар, 36,9% - шетелдік компаниялар үлесінде.

Кәсіпорындардың көлемі бойынша көтерме сауданың көп бөлігі шағын кәсіпорындар арқылы өткен – 75,7%.

Дереккөз: inform.kz

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге